Құқық қорғау органдары

Петропавлда пәтерлерді тонап келген қаланың 2 тұрғыны ұсталды

Наградалар үй иесінің әкесінікі болған екен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бір тәуліктің ішінде күдіктілердің ізіне түседі.

Арман Тоғжанов – Петропавл қалалық ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Пәтер тонаумен айналысатындар шағымданушы азаматтың баспанасынан ұрланған 29 награданы “Корона” СҮ маңында небарі 45 мың теңгеге сатып жібермек болған. Қазіргі таңда екі бірдей күдікті тұлға қамауда отыр. Мұнымен қоса ұрылардан алтын бұйымдар мен ақша табылды.

Тергеу жұмыстары көрсеткендей, ұрылар сол күні Копай ауданындағы бір үйден тұрмыстық техника мен қомақты ақшаны жымқырып кеткен. Олар сол қаражатқа скутер сатып алыпты. Ұсталғандардың екеуі де – Петропавл қаласының тұрғындары. 30-31 жастағы жігіттер бірнеше рет ұрлық пен есірткі қылмысы бойынша істі болған.

Арман Тоғжанов – Петропавл қалалық ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Олар баспаналарда ұрлық жасағандарын мойындады. Біз қазір азаматтардың басқа да қылмыстық істерге қатысының бар-жоғын тексеріп жатырмыз.

Қазір аталған бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер ұрылардың қылмысы дәлелденсе, олар 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берік Қасен