МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Елбасы жолы» киноэпопеясының 5-ші туындысы “Жұлдыздар тоғысқанда” кинофильмінің көрсетілімі басталды

Алайда, журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады. Бұл туындыда 1984-91 жылдар аралығы, яғни, Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы көрсетілген.

Алдабек Шалбаев – актер:


–  Мен ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевты сомдадым. 100 пайыз орындадым деп айта алмаймын. Дегенмен тырыстым. Көп ізденісте болдым. Музейге бардым. Касеталарды қарадым.

Фильм түсірілімі Қазақстан және Ре­­сей аумағында жүргізілді. Кинотуындының режиссері және сце­нарий авторы – Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Ал басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдаған.

Бекболат Шекеров – «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ сарапшылық кеңесінің қосалқы төрағасы:

– Бұл кинотуындыдан біраз материал шықты. Енді болашақта осы фильмнен сериал түсіруді жоспарлап отырмыз. «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі мамыр айында Ресейдің астанасы Мәскеуде де көрсетіледі.

Фильмнің тұсаукесері сәуірдің 26-сы күні Астана қаласында Елбасының қатысуымен өтті. Ал 28-нен бастап, еліміздің өзге де қалаларында көрсетіле бастады. Туындыны солтүстікқазақстандықтар да асыға күткен. Бұны залға жиналған көрермендерден байқауға болады.

Назерке Аханова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Фильмге келгеніме қуаныштымын. Жастарға өте пайдалы туынды. Біз тарихымызды және Президентіміздің өмірі жайлы білуіміз қажет.

Рашид Надиров – СҚО бойынша «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» ҚБ төрағасы:

 


–  Бұл фильмде Елбасымыздың өмірі баяндалады. Сонау қиын кездер көрсетіледі. Президентіміздің тығырықтан шыққандығы. Яғни, тәуелсіздік жылдарына дейінгі біздің тарихымыз.

Айту керек, бұл – «Елбасы жолы» киноэпопеясының 5-ші туындысы. Осыған дейін «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» картиналары жарыққа шыққан.

Айгерим Ержанова