МТРА жаңалықтары

Өндіріс орындарында қауіпсіздікті сақтау маңызды

Дәнекерлеу жұмыстары кезінде кәсіпорында жарылыс болып, 8 қызметкер зардап шеккен болатын. Кейін солардың бірі қаза тапты.

Анвар Раушеков- «Шығыс-Қазақстан ұн тартатын-құрама жем комбинаты» АҚ бас директоры:

– Кәсіпорында құрылғыларды алмастыру жұмыстары жасалып жатқан. Сол уақытта мердігер компания қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтамаған сыңайлы. Салдары осындай алапат апатқа алып келді. Айта кету керек, мұндай оқиға соңғы жылдары елімізде орын алған емес. Сондықтан осы семинарға біз өзімізде болған қателіктерді айтып, тәжірбие жинақтау үшін келдік.

Міне ендігі уақытта кәсіпорында оқыс оқиғаларды болдырмас үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Мұны бүгінгі семинар барысында жиынға қатысушылар да айтуда. Кездесуге еліміздің барлық өңірлерінен мамандар келіпті.

Нұрлыбай Нұрғалиев- ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің салааралық қадағалау басқармасының басшысы:


–  Бұл соңғы 10 жылда алғаш рет өткізіліп отырған семинар. Өйткені Елбасымен бизнес субъектілерін тексеруге марротиорий жарияланған болатын. Сондықтан біз бақылау шараларын тоқтаттық. Жалпы елімізде 5 мыңнан астам астық қабылдау қосындары мен элеватрлар бар.

Ал өңірде мамандардың бақылауына 80-ге жуық осындай кәсіпорын алынған. Жыл басталғалы солардың 9-ы тексерістен өткен. Нәтиже көңіл көншітпейді. Барлығында қателіктер орын алған.

Александр Иванищев- ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Көбіне кәсіпорындар қауіпті өндіріс нысандарын есепке алу, құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзады. Мұндайға мән бермегендіктен де апаттар орын алып жатады. Осындай мекеме басшыларын біз жазаға тартып айыппұл салдық. Олардың көлемі 10 мен 100 АЕК көлемінде.

Мамандар жыл соңына дейін тағы бірқатар элеваторлар мен астық қабылдау нысандарын тексермек. Ақжар ауданында орналасқан «Астық қоймалары» ЖШС №7 астық базасында 80 адам еңбек етеді. Кәсіпорын басшылығы қауіпсіздік ережелеріне ерекше мән беретін көрінеді.

Нұрсейіт Байтасов- «Астық қоймалары» ЖШС №7-ші астық базасының бас инженері, Ақжар ауданы:

 


– Әр 3 ай сайын дайындықтан өтіп тұрамыз. Оған аудандық ТЖД мамандары қатысады. Өнекәсіпте көп жылдан бері істейміз. Осы жұмысты жақсы білеміз. Сондықтан қауіпсіздікті сақтау қажеттігін әр жұмысшыға ескертеміз.

Облысымызда өтіп жатқан аталмыш семинар екі күнге жалғасады.

Магжан Ахмадина