МТРА жаңалықтары

Келешекте жергілікті бал өнімі Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

Облыстық омарташылар қауымдастығы айналдырған екі күннің ішінде соның 500-ін солтүстікқазақстандықтар сатып үлгеріпті. Бағасына келер болсақ, бір жанұя – 15 мың теңге тұрады. Жұмысшы араларға деген сұраныс жоғары. Жәндіктерді шалғайдағы аудан тұрғындары көптеп әкетіп жатыр. Осы іспен бірнеше жыл мықтап айналысатындар әсіресе карпат бал арасына жоғары бағасын беруде.

Василий Рыжков – омарташы, Қызылжар ауданының тұрғыны:

– Омарташылықпен айналысқаныма 18 жылдың жүзі болды. Мен биыл карпат тұқымдас бал араларының 19 жанұясын сатып алдым. Олар тез өсіп жетіледі, еңбеккер оған қоса өнімді де көп береді. Мен былтыр бір маусымда 250 келі бал алдым. Өнімнің көбін сатып пайда таптым.

Былтыр облыстық омарташылар қауымдастығына 200-ден астам адам мүшелік еткен. Биыл олардың қатары тағы 100 адаммен толығыпты. Осыдан ара шаруашылығына ден қойыла бастағанын аңғару қиын емес. Облыстық омарташылар қауымдастығы келешекте ағзаға пайдалы өнімдерді Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттамақшы.

Олег Гаврилов, СҚО омарташылар қауымдастығының төрағасы:

– Мен былтыр Дубай қаласына үш рет жұмыс сапарымен барып келдім. Нәтижесінде Дубайға жыл сайын 100 тонна бал жеткізіп тұру жөнінде уағдаластық. Бірақ олардың бізге қояр бір талабы бар. Біз Дубайда өз компаниямызды ашу қажетпіз. Оған қаражатымыз жеткіліксіз. Сондықтан аталған қалада дүкен ашу жоспарда бар.

Өңір омарташылары бал жинау науқанына бір айдан соң кіріседі. Жоспар бойынша, алғашқы өнімді Ресейдің Түмен облысына жөнелтпекші.

Берік Қасен