Денсаулық сақтау

“Елатом” құрылғыларының кезекті сатылым көрмесі өтуде

Бүгінде құрылғыларының 10 шақты түрі Қазақстанда саудаланады. Солардың бірі – “Унилор” кешенді терапияға арналған.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Унилор аппаратын кез келген адам өз бетінше қолдана беруіне болады. Гайморит ауруын емдеуге көмектеседі. Ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет.

Құлақ, мұрын, тамақ ауырғанда таптырмайтын құрылғының әр мүшеге арналған жеке-жеке қосалқы бөлшектері бар. Құрылғыға, әсіресе көктем, күз айларында сұраныс арта түседі. “Үй дәрігері” сериясындағы физиотерапевтік аппараттардың көрмесіне бұдан өзге де пайдалы құралдар қойылған.

–  Диамагты көбіне инсульттан кейінгі жағдайда пайдаланады. Ұйқы режимі бұзылғанда да таптырмайтын құрал. Бірінші қолданғаннан-ақ бас ауруын бірден бәсеңдететін қабілетке ие.

Диамагтың арнайы магнитін басқа киіп керек бағдарламаны таңдайсыз. Осылайша қан қысымын реттеуге де болады. Жыл он екі ай өз пайдасын көрсететін Алмаг-01 де жүйке-жүйені қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

 


– “Алмаг-01”-дің жоғары қан қысымын реттеуге көмегі бар. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамның да жанын жай таптыратын қасиеті бар аппаратты тұрғындар басқа құрылғылармен салыстырғанда көбірек сатып алады. Қазір оны “Үй дәрігері” сериясынан “Тиімді бағалар” акциясы аясында 57 200 теңгенің орнына 45 мың 600 теңгеге алуға мүмкіндік бар.

Аталған құралдарды сәуірдің 2-7 аралығында Қазақстан Конституциясы көшесі 2 мекен жайы бойынша орналасқан «Сердечная» дәріханасынан 20 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұған қатысты қосымша ақпаратты 46-35-12 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Акбопе Танирберген