МТРА жаңалықтары

Петропавлда «KFSI» ашылды

Кішкентай ару 8 жасқа толды. Бұл күнді оның ата-анасы жыл сайын тойлайды екен. Биыл да отбасылық дәстүрлерін жалғап, қыздарының жақын достары мен сыныптастарын «Али Баба» балалар дәмханасына қонаққа шақырған. Бұл жердің таңдалуының да өз себебі бар дейді отанасы.

Күнсұлу Аманжолова – Даяна Саржанованың анасы:


–  Туған күнді атап өтетін жерді біраз іздедік. Қаламызда балаларға арналған орындар аздау. Сол себепті «Али Баба» дәмханасын таңдадық. Асханасы тамаша. Интерьері де әдемі. Ойын алаңы да бар. Балаларға қарайтын адам да бар. Еш алаңсыз отыруға болады. Көңілім толды. Қаражат та аз кетті. Ата-аналарға мұнда келуге кеңес беремін.

Шынымен де, бұл кешенде барлық жағдай жасалған. Бір ай бұрын мұнда балаларға арналған ойын алаңы да ашылды. Ішінде олар батутта секіріп, уақыттарын көңілді өткізе алады.

Қонақтарға мұнда дастархан да молынан жайылды. Тәтті-дәмдінің бәрі қойылған. Түрлі-түске боялған ерекше торт та бар. Ал бастысы «Али Баба» дәмханасы туған күн иесі Даянаның көңілінен шығыпты.

Даяна Саржанова:


– Бұл жер өте тамаша. Маған ұнап жатыр. Достарым да таң қалған сияқты.

Мұнда келген қонақтар да мәз-майрам. Оларға, әсіресе, дәмхананың асханасы ұнапты.

Дильназ Ахмадина:


–  Туған күн маған ұнады. Тағамдар да тәтті. Осы жердің пиццасы өте дәмді.

Саида Жүсіп:


–  Маған аниматор ұнады. Ойындар ойнадық. Барлығы күшті болды.

Дәмхана 100 адамға шақталған. Асханасы да әртүрлі. Италия мен Европаның және түрік тағамдарының дәмін тата аласыз. Коктейль мен шырын, тіпті ұлттық сусын қызмыз да бар мұнда. Балалар кешені болғандықтан, бұл – жерде алкогольді сусындар сатылмайды. Айту керек, мұнда көрсетілген қызмет үшін ақы алынбайды. Әр жексенбі сайын «Али Бабаның» келушілерін аниматорлар қарсы алып, көңілдерін бір серпілтіп тастайды.

Жақында «Али Бабада» жылдам тағам дайындалатын «KFSI» (Ки Эф Си) ашылды. Бұл жерде қуырылған қытырлақ картоп пен тілі дәм үйіретін тауық еті сатылады. Әзірлену уақыты небәрі 5-10 минут қана.

Айгерим Ержанова