МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Олар нысанның алаңын да аббаттандырып, 100 көлікке шақталған тұрақ салмақ. Осы жұмсытарға облыстық бюджеттен 50 млн теңге қаржы бағытталыпты.

Ботагөз Ақмағанбетова- облыстық филармонияның директоры:

– Нысанның қасбеті түрлі түстермен, жасыл, көкке боялады. Мрамор жөнделіп, орындықтар орнатылады.

Мердігерлер шаруаны маусымның бас кезінде аяқтаймыз деп отыр. Осы ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды. Тағы бұл күні аймақ басшысы Береке шағын ауданында бой көтеріп жатқан 6 баспананың құрылыс алаңында болды. Үйлер «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына арналған екен. Ал Юбилейная көшесінде орналасқан мына екі баспана маусым айында қолданысқа беріледі. Жас отбасыларға арналған үйлердің бірі- 126, ал екіншісі-72 пәтерлі.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Маусымда аяқтау қажет. Алда әлі аббаттандыру жұмыстары күтіп тұр.

Бұл жерде мамырда тағы 2 көпқабатты баспананың құрылысы басталмақ. Жалпы 2016 жылы облыс орталығында 11 үй тапсырылып, мыңнан астам солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойламақ. Қызылжар ауданындағы Байтерек ауылында бой көтеріп жатқан мектептің құрылыс алаңында да қазір жұмыс қызған. 300 балаға шақталған оқу ордасы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде ашылатын болады. Петропавл халықаралық әуежайын қалыпқа келтіру шаруалары да өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың жіті назарында. Мұндағы ұшу-қону жолағын кеңейту биыл да жалғасын таппақ.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

 


–  Жөндеу шараларына байланысты әуежайды бір айға жабуға тура келеді. Сол уақытта барлық тиісті жұмсытрады жасап үлгересіздер деп ойлаймын.

Жалпы әуежайда аптасына екі рет Алматы мен Астана қалаларынан ұшақтар қатынауда.

Магжан Ахмадина