Мәдениет

Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің оқушылары 9-шы театр маусымын аштыАлғашқы спектакль – “Айдаһарды өлтіру” деп аталды. Комедиялық қойылымның оқиға желісі былай басталады. Ерте заманда зұлым айдаһар өзіне тең сұлуды іздейді. Оның таңдауы көптің ішінен Эльза есімді бойжеткенге түседі. Алайда, арудың арманы өзі қалаған жігітке тұрмысқа шығу болатын. Осы кезде сахнаға Ланцелот атты жас жігіт шығып, өзінің Эльзаға қорған болатындағын айтады. Ертегідегі айдаһардың рөлін – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 10-сынып оқушысы Олег Аверин сомдауда. Олег Аверин – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 10-сынып оқушысы: – Бұл қойылымды біз 1 жарым ай бойы дайындадық. Спектакль көрерменге қызықты болуы үшін өте көп еңбектендік. Мен басты кейіпкердің рөлін сомдаймын, сол себепті жауапкершілігі де үлкен. Алайда, барлық жұмысты ойдағыдай атқардым деп ойлаймын. Өзім лицейішілік іс-шараларға 4-ші сыныптан бастап белсенді түрде қатысамын. Кейін қойылымда зұлым айдаһармен Ланцелот жекпе-жекке шығып, жеңіс жас жігіттің пайдасына шешіледі. Жалпы, бұл қойылым белгілі орыс драматургы Евгений Шварцтың 120 жасқа толуына арналған. Айгүл Төлегенова – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі – Жыл сайын біздің лицейдің 10-сынып оқушылары өз көрермендеріне орыс жазушыларының спектаклдерін сомдайды. Бұл қойылымдардың жиналғандар үшін маңызы зор. Осындай кейін лицей ұжымы келесі қойылымдарына әзірілктерін бастайды. Бұл жолы сахналық туындыға тың идеяларды молырақ енгізбекші. Култанов Байболат

Комедиялық қойылымның оқиға желісі былай басталады. Ерте заманда зұлым айдаһар өзіне тең сұлуды іздейді. Оның таңдауы көптің ішінен Эльза есімді бойжеткенге түседі. Алайда, арудың арманы өзі қалаған жігітке тұрмысқа шығу болатын. Осы кезде сахнаға Ланцелот атты жас жігіт шығып, өзінің Эльзаға қорған болатындағын айтады.

Ертегідегі айдаһардың рөлін – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 10-сынып оқушысы Олег Аверин сомдауда.

Олег Аверин – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 10-сынып оқушысы:

– Бұл қойылымды біз 1 жарым ай бойы дайындадық. Спектакль көрерменге қызықты болуы үшін өте көп еңбектендік. Мен басты кейіпкердің рөлін сомдаймын, сол себепті жауапкершілігі де үлкен. Алайда, барлық жұмысты ойдағыдай атқардым деп ойлаймын. Өзім лицейішілік іс-шараларға 4-ші сыныптан бастап белсенді түрде қатысамын.

Кейін қойылымда зұлым айдаһармен Ланцелот жекпе-жекке шығып, жеңіс жас жігіттің пайдасына шешіледі. Жалпы, бұл қойылым белгілі орыс драматургы Евгений Шварцтың 120 жасқа толуына арналған.

Айгүл Төлегенова – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

– Жыл сайын біздің лицейдің 10-сынып оқушылары өз көрермендеріне орыс жазушыларының спектаклдерін сомдайды. Бұл қойылымдардың жиналғандар үшін маңызы зор.

Осындай кейін лицей ұжымы келесі қойылымдарына әзірілктерін бастайды. Бұл жолы сахналық туындыға тың идеяларды молырақ енгізбекші.

Култанов Байболат