Аптадағы маңызды жаңалықтар

Балаларға арналған «Жас қорғаушы» атты ерекше экскурсия

Кейін сап түзеген балғындар командирлерін таңдап, екі бөлімге бөлінді. Содан соң берілген тапсырмаларды орындауға кірісті. Балаларға соғыс кезінде қолданылған қару-жарақтар таныстырылып, олардың ерекшелігі жайлы айтылды. Бұдан соң оқушылар миналық алаңнан өтті. Бұл сайыстан кейін жарақаттанған жауынгерлер де табылды. Сарбаздарға дереу медициналық көмек көрсетіліп, олар қайтадан сапқа оралды. Нақ осы жерде балғындарға соғыс жылдары ерлік көрсеткен солтүстікқазақстандықтар жайлы баяндалды. Енді ең қызықты сайыс – граната лақтырту сәті келді. Балалар шепті бұзып кірген танктердің көзін жоюы қажет. Бұл тапсырманы да оқушылар сәтті орындап шықты. Лақтырылған гранаталар көздеген жерге дөп тиіп жатты.

Ал мына тапсырманы орындау үшін командамен жұмыс жасау керек. Жоғарыдан келген хабарламаны жау қолына түсірмей бас штабқа жеткізу керек. Бірақ, ол үшін ұйымшылдық пен ептілік қажет-ақ.

Роман Остафейчук, Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицейдiң 3-сынып оқушысы:

–  Біз түрлі тапсырмаларды орындап, батыр жерлестеріміз туралы ақпарат алдық. Үшеуміз шаңғыға тұрып, хат жеткізген сәт қатты ұнады. Ол сайыста ұйымшылдығымызда көрсеттік.

Анастасия Ященкова – Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицейдiң 3-сынып оқушысы:

– Бізге соғыс кезінде қандай қару-жарақ қолданғандарын, олардың тарихы жайлы айтылды. Біз жарақат алғандарға көмек көрсетіп, граната лақтырдық. Осындай жиындар маған қатты ұнайды. Экскурсияда шынымен де сол жылдары жауынгерлер бастан өткерген қиындықтарын көруге мүмкіндік алдық.

Міне, барлық сайыстар бітіп, енді оқушылар тынығуда. Нақ осы жерде олар палаткаларда болып, соғыс кезінде әзірленген тамақтан дәм татты.

Вера Андреева – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

 

– Сәуірдің 25-сінен бастап бізде осындай ойындар өткізілуде. Біз барынша әскери жағдайды туғызуға тырыстық. Соғыс кезіндегі плакаттар ілініп, түрлі сайыстар құрастырдық. Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырлған бұл экскурсияда біз соғысқа аттанған солтүстікқазақстандықтар жайлы әңгімеледік. Бағдарлама балалардың жасына байланысты құрастырылғандықтан өте қызық. Бізге студенттер де келеді.

Жалпы осындай ерекше экскурсияны өңіріміздің 1500-ға жуық оқушысы тамашаламақ.

Магжан Ахмадина