Қоғам

СҚО құрметті азаматы Болат Сағындықов 80 жасқа толды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Болат Сағындықовтың еңбегі облысымызға сіңді. Сол кісінің бастамасымен саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналып мемориалдық кешен салынды. Қазір ондағы тақтада 8 мыңға жуық адамның есімі жазылған.

Бүгінгі қуанышына ортақтасуға Болат Сағындықовтың туысы, қоғам қайраткері Ғазез Есмұқанов та келіп отыр. Алматылық мейман мерейтой иесімен кезінде мектепте, кейін университетте бірге оқыған. 25 жыл бойы облысымызда ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіпті.

Ғазез Есмұқанов – Болат Сағындықовтың туысы, қоғам қайраткері:

-Біз Болат Сағындықов екеуіміз бірге өстік, бірге оқыдық, бірге жұмыс істедік. Екеуіміз құрдаспыз. Қазірде араласып-құраласып тұрамыз.

Болат Сағындықов – Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы. Аудандық, облыстық деңгейде басшылық қызметтерде болған. Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласыпты. Бүгінде қария “Память” қоғамдық қоры мен ақсақалдар алқасына төрағалық етеді.

Жиын соңында Болат Сағындықовтың жарық көрген 4-ші “Көңіл сыры” атты кітабының тұсауы кесілді.

Риат Шони