МТРА жаңалықтары

“Қызылжар су” ЖШС-нде ҚХА-ның қоғамдық кеңесі құрылды

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Қоғамдық кеңестер ұйым ішінде бірлік пен татулықтың сақталуы үшін құрылады. Бүгінгі «Қызылжар су» серіктестігінде ашылған кеңес өз жұмысын дұрыс жүргізеді деген сенімдемін.

Сондай-ақ, бұл күні «Қызылжар су» кәсіпорыны қызметкерлерінің арасында «бауырсақ және кулич» сайысы да өткізілді. Мұнда 6 түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті таныстырылды. Оның ішінде кәрістер мен өзбектер, үндістер мен украиндықтар және жапондар мен сыған тобыры да болды.

Динара Алькина – «Қызылжар су» ЖШС ұстасы:

-Бізге сығандардың биін үйрену қиынға соқты. Өте жылдам биленеді.

Ал мынау – латын америкалықтардың асханасы. Дастарханға жұмыртқадан жасалған «пучеро», шелпек наннан әзірленетін «бурито» сынды тағамның 15 түрі қойылған. Бұл сайысқа олар мықтап дайындалған көрінеді. Ломбада биінің қимылдарын жаттап, әдемі костюмдерін киіп келген.

Светлана Бастеева – «Қызылжар су» ЖШС операторы:

-Бұл сайыста жеңімпаз атану үшін бар күшімізді салудамыз. Негізі латинамерикалықтар үрмебұршақтан жасалған асты жақсы көреді. Сол себепті біз шелпек пен бұршақтан «буритоә әзірлеп әкелдік. Сайысқа ән мен биіміз де әзір.

Сайыстың шарты бойынша қатысушылар өздері таңдаған ұлттардың мәдениетін барынша көрсетуі керек болды. Бірі асханасын мықтап қолға алса, енді біреулері салт-дәстүрге басты назарын аударған.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-ші орынды кавказдықтар, ал жүлделі екінші орынды үндістер мен өзбектер өзара бөлісіп алса, байқау жеңімпаздары латынамерикалықтар атанды. Жүлдегерлерге димпломдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Айту керек, бұл сайыс аталған кәсіпорында 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

 

 

 

Айгерим Ержанова