Қоғам

Бескөл ауылында “Славян мәдениеті фестивалі” өтті

Ринат Бикметов – Бескөл мектеп-гимназиясының мұғалімі, Қызылжар ауданы:

-Менің мына қорапшамда түрлі ойыншықтар, бұйымдар мен тәтті-дәмділер бар. Оларды әзілден құралған жұмбақтарды шешкен адамдарға беремін. Жаңа ғана бір жас жігіт тоқаш ұтып алды. Келген жұрттың көңілі көтеріңкі. Мереке құтты болсын.

Міне, құрметті қонақтар да ортаға енді. Осы сәтте өнерпаздар баянда ойнап алаңның көркін қыздырды. Бұл мерекеге жергілікті “Мелодия” ансамблі де тыңғылықты дайындалыпты.

Юрий Зайберт – “Мелодия” ансамблінің жетекшісі, Қызылжар ауданы:

-Өзіме бүгінгі мереке қатты ұнады. Жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Біздің ансамбль шараға арнап 2 бірдей ән әзірледі. Оларды қазір сахнада шырқаймыз.

Ал, залдың мына бұрышы славян базарына келген халықтың назарын бірден өзіне аудартады.

-Залдың мына бұрышында Славян ұлттарының ас үйі көрсетілген. Мұнда түрлі ою-өрнектермен безендірілген пешпен қыш құмыраларға дейін бар. Сондай-ақ, бұл жерде дастарханда жайылыпты. Астан ауыз тиуге болады.

Бұдан соң жиналған жұрт акт залына енді. Мұнда “Славян мәдениеті фестивалі” басталды. Сахнаға поляк, орыс, украин, беларусь ұлт өкілдерінен құралған өнерпаздар шығып, жиналғандарға ән мен биден шашу шашты.

 

 

 

Култанов Байболат