Денсаулық сақтау

1-ші қалалық ауруханада хирургия бөлімшесі ашылды

Асхат Ақсарин – 1-ші қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

-Материалдық-техникалық базамыз оқыс оқиғалар бола қалған жағдайда қызмет көрсетуге қауқарлы. Узи, рентген аппараттары бар. Станционарымызда барлық қызмет түрі көрсетіледі. Жалпы 30 адамды қабылдаймыз. Бірақ, өткір аурумен келген жандарды да қарап, көмек көрсетуге әзірміз.

Мұнда заманауи қондырғылар орнатылған. Емделушілер жататын палаталар таза әрі кең. Жуынатын бөлме, асхана бар. Бір сөзбен айтқанда, науқастардың тезірек сауығып кетуі үшін бар жағдай жасалған. Бөлімшеде 5 хирург, реаниматолог және 30-дан астам орта медициналық персонал жұмыс істейді. Мұнда сейсенбі күні түскен Райса Валеева ақ халатты абзал жандардың сапалы қызметін риза.

Райса Валеева:

-Қазір жағдайым жақсы. Медбикелер жақсы қызмет көрсетеді. Бүкіл жағдай жасалған жаңа емханада.

Осыған дейін Петропавлда хирургиялық бөлімше тек 3-ші қалалық ауруханада болған. Енді оның қатары тағы біреуімен толығып отыр.

Мариям Бапанова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Бұл бөлімшенің ашылуы 3-ші қалалық аурухананың дәрігерлеріне түсетін ауыртпалықты жеңілдетуге септесті. Жоспарлы ем қабылдауды күтетіндер енді осында келіп көмек ала алады. Тағы жедел түрде ота қажет ететін азаматтарға да сапалы ем-дом шаралары жүргізіледі.

Бұл – 10 жыл бойы жұмыс істеп тұрған 1 қалалық ауруханадағы 4-ші бөлімше. Жалпы емдеу мекемесінде орын 180 адамға арналған.

 

 

 

Магжан Ахмадина