Әр түрлі

Саябақтағы аттракциондар 1 мамырдан бастап іске қосылады

Өйткені, мұндай ауа райында темір ақауларын бірден анықтауға болады екен. Сондықтан мұндағылар әр каруселді жіті бақылап, олардың олқылықтарын жөндеуге кіріскен.

Игорь Титов – “Мир аттракционов” ЖШС бас механигі:


–  Әрбір аттракциондағы ақау адам өмірі үшін қауіпті. Сондықтан біз карусельдердің барлығын тексерудеміз. Осындай ауа райында қыс бойы қатып тұрған темірді іске қосу қажет. Сонда ондағы олқылықтар бірден білінеді.

Дәл қазір серіктестіктегілер әткеншектерге орташа салмағы 50 келі болатын қаптарды салып, сынақтан өткізуде.

Мәселен, биіктігі 27 метр болатын мына “Жан-жақты шолуға арналған дөңгелекке” 6 тоннадан артық жүк тиеліпті. Осылайша карусель 4 сағатқа жуық тоқтаусыз іске қосылып тұрады.

Александр Козлов – “Мир аттракционов” ЖШС директоры:

– Бізде осы жылы жеңілдетілген билеттер болады. Яғни, келушілеріміз 690 теңгеге бір билет алса, өзі қалаған 5 әткеншекке отыра алады. Биыл сондай-ақ каруселдердің қызмет көрсету құнын өсірмеуді шештік. Және бірнеше аттракциондарға автоматты басқару орнаттық. Сондықтан келушілеріміздің қатары көп болады деген ойдамын.

Маусым айының басында облыс орталығындағы мәдениет және демалыс саябағында “Ғашықтар бұрышы” атты орын халық қолданысына берілмек. Бұл жерде құны 500 мың теңге болатын бозбала мен бойжеткеннің мүсіні тұрғызылады. Және алаңқай маңына түрлі-түсті гүлдер отырғызылмақ. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы мұнда жаңадан 7-і әткеншекте іске қосылады деп күтілуде.

–  Жалпы қазір “Мир аттракционов” ЖШС 30 әткеншек бар. Олардың бүгін 5-еуі техникалық бақылаудан өтуде. Мамандардың айтуынша аттракциондардың барлығы мамырдың 1 күні қолданысқа беріледі.

Култанов Байболат