Балалар

Петропавлда XI республикалық “Таң Шолпан” балалар музыкалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті

Қатысушылар қобалжып, соңғы дайындықтарын жүргізуде. «Айналайын» деп аталатын мына бір топтың арулары бүгінгі сайысқа ұлттық бидің екеуін әкеліпті. Алғашқысы Қытай халқының «Айдаһар жолы» болса, екіншісінде олар үндінің «Хатубасын» орындамақ.

Александра Харина – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Біздің тобымыздың құрылғанына 5 жыл болды. Содан бері біз ұлттық билерді орындап келеміз. Байқауға екі номер әкелдік. Қазылар алқасына ұнайды деген сенімдеміз. Арнайы ұлттық костюмдерімізді де дайындадық. Жеңгіміз келеді, әрине.

Әне-міне дегенше сайыс басталып та кетті. Дәл қазір сахнада кішкентай «светлички» би тобы. Ата-ана махаббатын сезінбесе де, бұл – балақайлар өздерінің «жақсылық» деп аталатын билерімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүректеріндегі жылулықты жеткізуде.

Бастауыш мектепте оқитын бұл балғындар сахнаны жатсынбады. Жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, зор қошеметке бөленді.

Ангелина Кальчугина – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

Мен қазақ мектебінде оқимын. Менің достарым осы конкурсқа келгендеріне дән риза. Өте қуаныштымын.

Байқау ұйымдастырушылары еліміздің 16 қаласын аралап, дарынды жастардың өнерін тамашалауда. Бүгінде олар Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шығыс Қазақстан өңірінде болып қайтты. Жалпы сайыстың іріктеу сынына еліміз бойынша 1 мыңнан астам бала қатыспақ. Олардың ішінен тек үздік деп танылған 35 оқушы ғана маусымның бірі күні өтетін Гала-концертке жолдама алады.

Ғазиза Райымбек – республикалық «Таң Шолпан» музыкалық балалар конкурсының бас продюсері, Алматы қаласы:


–  Сайыс 2006 жылдан бастап өткізіліп келеді. Байқау баршамызға белгілі «Минута славы» тележобасының желісмімен өтуде. Яғни, әр өнер ұжымына видео-күнделік жасалады. Кейін республикалық комиссия оларды сол видео арқылы көріп, таңдайды. Еліміз бойынша тек 4 топ қана Гала-концертте өнер көрсету құқығына ие болады. Ал оған дейін олар бір апта бойы «Балдәурен» сауықтыру лагерінде демалады.

Байқадың облыстық іріктеу кезеңіне біздің өңірімізден 7 мен 17 жас аралығындағы 55 оқушысы қатысты. Жеңімпаздар есімі мамыр айының ортасында белгілі болмақ.

Култанов Байболат