Білім

Петропавлда белгілі ғалым Қайырбек Оразовқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Білімді ұрпақ тәрбелеуге сүбелі үлесін қосып, өмірін ғылым мен білімге арнаған азамат көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Осыған орай өзі қызмет еткен орынында ескерткіш тақтаның орнатылуы жерлес ағамыздың рухына деген құрметтің белгісі деді көпшілік алдында сөз алған өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов. Айту керек, ғалым теріскей топырағында Аққайың ауданында дүниеге келген.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан әкімі:

– Солтүстік Қазақстанның қасиетті топырағы – тума таланттар мен дарынды тұлғаларға бай өлке. Оның бірі – Қайырбек Оразов ағамыз. 00:50 Жастарымыз ел мақтанышына айналған азаматтардың өмірін үлгі етіп өссін.

Қайырбек Оразовтың зайыбы Сапура Оразова да осында. Профессормен 30 жылдан артық отасқан Сапура апай инженер кадрларын дайындаймын деп тынбай еңбектенген отағасының төзімділігі мен бірбеткейлігін тілге тиек етті.

Сапура Оразова, Қайырбек Оразовтың зайыбы:

– Институттың корпусы салынбаған. Жаңа мамандар тәрбиелеу керек. Кешкі бөлім, күндізгі бөлім бар. Инженерлік кадрлар жетпеді. Азаннан кешке дейін инститтутта отырады. Отпуск алып алып институтта отырады. Ауырса ауруханадан қашып келіп отырды. 00:55 Мен еңбек етсем дұрыстап еңбек етуім керек дейтін.

Бұдан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Сапура Оразова техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразовқа арналған мемориалдық тақтаны ашты.

Бүгінгі салтанатты жиынға Қайырбек Оразовтың артында қалған үш ұлы да қатысты. “Әке көрген оқ жонар” демекші, марқұмның тұңғышы Берік Оразов техникалық саланы таңдаған. Қазіргі таңда еліміздің энергетикалық компанияларының бірінде инженер болып қызмет етуде.

Берік Оразов, Қайырбек Оразовтың ұлы:


– Менің есімде әкемнің жұмысқа ерте кетіп, кеш келетіні қалыпты. Оның барлық күш-жігерін ғылымға салғаны айтпаса да түснікті. Әкеміздің еңбегін елеп, ұмытпайтын жерлестеріне, әріптестері мен шәкірттеріне алғысым зор. Мемориалдық тақтаның ашылуы – зор құрмет, өшпес естелік.

“Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді”. Бүгінгі шараға профессордың бірге оқыған үзеңгілес достары, әріптестері жиылды. Бақытжан Баекенов Ленинградта білім алыпты. Ол кезде Қайырбек Оразов – Мәскеуде оқып жүрген студент. Шетелдегі қазақ балалары дос ретінде араласып жүріп, кейін Қарағанды Техникалық Университетінде бірге қызмет еткен.

Бақытжан Бакенов, Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, Астана қаласы:

 

– Қайырбек досым теориялық механикадан сабақ берді. Мен құрылысшыларды дайындадым. Достыққа өте таза болатын. Білікті, деңгейі биік азамат болды.

Бүгінде жерлесіміздің өшпес мұрасы – 35 ғылыми еңбегі мен 2 кітабы, қос монографиясы бар.

Акбопе Танирберген