Бизнес және экономика

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалуда

Салдарынан үлкен бизнес субъектілері де кішігірім фирмаларда зардап шегіп келіпті.

Жеңіс Қазиев- СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Бізге келіп түскен шағымдарыдың көбі дау туғызатын. Мысалы, жанар-жағармай бекеттеріндегі бағалар көрсетілген бағана, банктердің сыртындағы валюта айырбастау пунктері де сыртқы жарнамаға жатқызылып келді. Енді заңға енгізілген өзгерістерге сай, жоғарыда айтылғандар жарнама болып саналмайды.

Жарнамадан бөлек, тағы бірнеше кодекстерге енгізілген өзгерістер кездесу барысында айтылды. Солардың бірі соңғы уақытта қызу талқыға түскен жер кодексі.

Жеңіс Қазиев- СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:


– Бұл еліміздің кәсіпкерлері үшін аса маңызды проблема болатын. Енді ол шешімін тауып отыр. Бұрындары жоспарлау құжаттары болмаса, жер телімін алам деушілерге участок берілмейтін. Қазіргі заңда бизнесмендерге кедергі келтіретін мұндай жайт алынып тасталған. Жалпы біздер заңдағы 153 рұқсат құжаттарының оңтайландырылуына септестік.

Бүгіндері кәсіпкерлер палатасы мүлікті заңдастыру науқанының өтуіне де ат салысуда. Ұйым 150 млн теңгеден астам соманың жылжымайтын мүлігін тіркеуге септесіпті. Ол 50 нысан. Акция мерзімі ұзартылды. Сондықтан мамандар бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады деп отыр.

Магжан Ахмадина