МТРА жаңалықтары

Сайлауда белсенділік танытқандардың еңбегі еленді

Мыңдаған жастармен қатар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау саласы өқызметкерлері мен кәсіпкерлер, сайлауалды үгіт жұмыстарын бірлесе белсенді атқарды. Соның арқасында өңір тұрғындарының 81,57 пайызы саяси дода өтетін күні сайлау участоктарынан табылып, қалаған кандидаттарына дауыс берді. Бұл ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Наурыздың 20-сы елімізде Қазақстан Республикасы мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Осы сайлауда «Нұр Отан» партиясы ең көп дауыс жинап, айқын жеңіске жетті. Бұл жеңіс қазақстандықтардың бірлігі мен татулығын, Елбасының саралы саясатына деген сенімін кезекті рет дәлелдеді.

Ел тағдырындағы маңызды кезеңде қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясын қолдап, жетекші ұйым үшін 82,2 пайыз дауыс берді. Бүгін науқан барысында белсенділік танытқандардың еңбегі еленіп, оларға мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табысталуда. Марапатқа ие болған 38 солтүстікақазақстандықтың қатарында – Нұрсұлтан Қалқабекте бар.

Нұрсұлтан Қалқабек- облыстық қуыршақ театрының әртісі:

 


–  Сайлау кезінде өте көп іс-шараларға қатыстым. Форум, насихат жұмыстары. Халық алдында көртеген жұмыстар жасадық. Соның арқасында тұрғындар сайлауға белсенді қатысты.

Кездесу соңында өңір жетекшісі жиынға қатысушыларды алдағы мақсаттарға жетуде дәл осы қарқыннан таймай бір адамдай белсенділік танытуға шақырды.

Магжан Ахмадина