МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жыл бойы мереке” атты облыстық байқау өтті

Олар қарсыластарынан көздің жауын алатын түрлі-түсті киімдерімен және сахнада өзін ұстау мәнерімен ерекшеленді. Сонымен қатар, бұл өнерпаздар Рузаевка мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен жақын таныстыра білді.

Людмила Емельянова – «Остров сокровищ» командасының мүшесі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

 

– Біздің аулымыздың мәдениет үйіне кішкентай балалар мен қариялар да келеді. Бізде 90 жылдық тарихы бар ардагерлер хоры жұмыс істейді. Бүгін өнеріміз солтүстікқазақстандықтарға ұнады деген сенімдемін.

«Жыл бойы мереке» атты облыстық байқауға Петропавл қаласы мен аудандардан 13 команда жиналды. Алғашқы сында өнерпаздар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетсе, «Идеялар банкі» кезеңінде мамлюттықтар ерекше қошеметке бөленді. Өйткені, олар «Теремок» ертегісін заманауи етіп, көрермендерді күлкіге қарқ қылды.

Мейрамбек Атаманов – «ПЭМС» командасының мүшесі, Мамлют ауданы:

 

– Көп дайындалдық. Еңбегіміз бағаланып, бірінші орын алуға тырысамыз.

Мәдениет саласында қызмет ететін мамандардың кәсіби шеберліктерін анықтайтын өнер додасы облысымызда екі жылда бір рет ұйымдастырылады екен. Жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айгерим Ержанова