Елімізде электронды астық қолхаттарының жүйесі енгізілмек

Ауыл шаруашылығы

2:48 27 Сәуір 2016

Бұл – биыл маусымның 20-сынан күшіне енетін өзгеріс. Осы ретте қазір арнайы бағдарлама жасалып, ол әр өңірлерде түсіндірілуде. Сондай кездесулердің бірі бізде де өтті. Астанадан келген «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ қызметкерлерінің айтуынша, ескі жүйені қазір қолдану тиімсіз.

Манас Байтөреев – «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ бағалы қағаздар бөлімінің басшысы, Астана қаласы:


– Элеваторлардағы астықтың нақты көлемін жасыру не керісінше асыра көбейтіп көрсету фактілері тіркелген. Соның нәтижесінде қанша астық түсіп жатқандығын сараптау мүмкін емес. Мұнымен қоса, бұл жүйеге банктер де сенім жоғалтқан. Қағаз қолхаттарымен берілген кей құжаттар орындалмай қалады. Сондықтан, біздер жаңа жүйе құрыстырдық. Онда осы олқылықтар ескерілген.

Жаңа жүйе бойынша нан қабылдау пункттері жасаған жұмыстарын, әсіресе, түскен астық көлемін тіркеп, кейін оны әкеткендегі қолхаттарды осы порталда көрсетуі тиіс. Алайда, элеватор басшылары бұл қызметті пайдаланғаны үшін жыл сайын 36 АЕК көлемінде қаржы төлеуі керек. Кәсіпорын мамандары бұл тиімсіз болады деп отыр.

Михаил Дахно – «Сұлтан элеватор-макарон-ұн үгу кешені» АҚ заң бөлімінің басшысы:

– Егер мұндай төлемдер енгізілетін болса, ол элеваторлар үшін тиімсіз. Мысалы, біздің серіктестік маусымында 2 млн теңгеге тек тіркеу құжаттарын жасайтын болады. Ал қағаз қолхаттармен біз тек 100 мың теңге жұмсаймыз.

Орталық мамандары заманауи жүйеге ғаламторды пайдалана отырып, кіруге болады дейді. Алайда, элеваторлар көбіне ауылдық жерлерде орналасқан. Ал кей елді мекендерде интернет түгілі, телефон байланысы дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан, жиынға қатысқан көпшілік, жүйеге сенімсіздікпенн қарайтындықтарын жасырмады.

Магжан Ахмадина

Бұдан әрі оқыңыз

Орақ науқаны аяқталуға жақын
Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Күзгі көкөніс жинау жұмыстары
Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген