Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев селекторлық тәртіпте аймақтармен байланысқа шығып, ел азаматтарына есеп берді

Білім

3:33 27 Сәуір 2016

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында тұрғызылатын балабақшалар саны 3,5 есеге артыпты. Биыл ел бойынша 34 мектеп пайдалануға беріледі. Тағы 42-сінің құрылысы үстіміздегі жылы басталмақшы. Оған қажетті қаражат ұлттық қордан бөлінеді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап мектептер кезең-кезеңмен 12 жылдық білім беру жүйесіне көше бастайды.
2017 жылдан бастап 6 жасқа толған балалар 1-сыныптың партасына отыру керек.

Ерлан Сағадиев – ҚР Білім және ғылым министрі:

– Бүгінде 53 мың бастауыш сынып мұғалімі деңгейлік оқу курстарынан өтті. Олар 1-сынып оқушыларын жаңа бағдарлама бойынша оқытуға дайын. Жаңа оқулықтар да басылып шықты. Мін сіздерге тағы да қайталап айтамын, эксперименттердің бәрі аяқталды. Енді біз 15 жылда жинаған тәжірибемізді жаппай қолданысқа енгіземіз.

Кейбір сыныптарда жекелеген пәндер орыс, ағылшын тілдерінде оқытылмақ. Алайда, мемлекеттік тілге басымдық беріледі.

Ерлан Сағадиев – ҚР Білім және ғылым министрі:

– Орыс тілді мектептерінің жоғары сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бөлек Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде оқитын болады. 12 жылдың ішінде орыс тілді мектептердегі қазақ тілінде жүргізілетін пәндерге бөлінетін сағат саны 300-ге дейін артады. Барлық мектепте орыс тілі 1-сыныптан бастап оқытылады. 2019 жылдан жоғары сыныптарда химия, физика, биология, информатиика пәндерін ағылшын тілінде оқытыла бастайды.

Алдағы уақытта ҰБТ мазмұны өзгеріп, функционалдық сауатылыққа басымдық беріледі. Білім саласындағы реформа колледждерді де айналып өтпейді. 2017 жылдан бастап жұмысшы мамандықтарына түскендер тегін оқиды. Талапкерлерге грантты мемлекет пен жергілікті атқарушы органдар бөледі. 2017 жылы колледж түлектері ҰБТ тапсырады. Осы күні тиісті ведомвство басшылары, мектеп, колледж директорлары, мұғалімдер және ата-аналар Ерлан Сағадиевпен тікелей байланысқа шығып, министірге сұрақтарын қойды. Кейбіреу 12 жылдық білім жүйесіне өтудің тиімді боларына күмәнмен қарайды. Ата-аналар болса, оқушылар мен студенттерді сабақтан босатып, бұқаралық шараларға тартпауын өтінді. Мұғалімдер есеп құжаттарын қысқартса деген өтінішін айтты. Министр бұл ұсынысты құптады. Оңтайлы сәтті журналистерде де пайдаланып, халықтың бұйымтайын министрге жеткізді.

Айгүл Әдепбай – “Астана” телеарнасының тілшісі:

– Жоғары оқу орындарында дипломдарды сатып алуға тосқауыл қойыла ма. Интернетте диплом сатушылардың хабарламасы толып тұр. Екінші сұрағым, ОҚО-да мұғалім, еден жуушы мектепке орналасу үшін ақша төлейді. Осыған не дейсіз.

Ерлан Сағадиев – ҚР Білім және ғылым министрі:

– Диплом сатып алу, мектепке ақша төлеп орналасу мәселесі жөнінде бізге хат жазыңыз. Біз оны құзырлы органға жіберіп, тексереміз.


Кездесу барысында оқулықтардың сапасы қозғалды. Бүгінде көзі көрмейтін балаларға арналып брайл шрифтісімен кітаптар басылып шығатын болды. Олар 1-қыркүйекте
барлық мектептерге таратылады. Сондай-ақ, ЖОО-дарында тарих факультетінде оқымайтын студенттерге сақ дәуірінен бергі Қазақстан тарихы толық оқытылмайтын болды. Осы орайда солтүстікқазақстандықтар білім саласындағы реформаларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Нұрзия Майлина – Петропавл қаласы №26 мектеп-балабақшасының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

– 12 жылдық білім беру жүйесіне, 5 күндік оқуға қарсылығым жоқ. Мен өзім ата-анамын. Келер жылы қызым мектеп бітіреді. Маған ҰБТ тапсыру тәртібі қызықты болды. Мен сұрағыма тұшымды жауап алдым.

Ауызша сұрақтармен қатар Ерлан Сағадиев министрліктің сайтына жолдаған жазбаша хаттарға да жауап беріп отырды. Осы күні тұрғындар министрге 25 сұрақ қойды. Осы тұста айта кетейік, алдағы уақытта үкіметтің басқа да мүшелері халық алдында есеп беретін болады.

Берік Қасен


Бұдан әрі оқыңыз

Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті
Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды
Университет қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Оқытушылар мен студенттердің бәсекесі
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы
Химия-биология пәні мұғалімдерінің І халықаралық форумы өтті
“Отбасы құндылықтары” атты семинар-тренинг өтті
Университет студенттерінің жаппай төбелесуіне не себеп?