МТРА жаңалықтары

Биыл СҚО-да1 мың га-дан астам орманда табиғи қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек

Қалған 70 мың текшесін орман пайдаланушылары пиломатериал ретінде қолданып, халық тұтынатын тауарлар жасаған. Жалпы орман шаруашылықтары есебінен облыстық бюджетке 218 млн теңге қаражат түсті. Ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджет қоры тағы да 28 млн теңгемен толықты.

Қабиден Сәдуақасов – СҚО табиғи ресурустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:


–  Орман пайдаланушылар осы салада жұмыс істегелі 28 ағаш өңдейтін цех ашылып, 35 пилорам мен 82 арнайы станоктар қойылды. 370 адам жаңа жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, орман пайдаланушылар былтыр 485 млн теңгенің 2 инвестициялық жобасын іске асырды.

Сонымен қатар, өңірде көгалдандыру жұмысы да қарқын алуда. Сәуірдің 16-нан бастап облысымызда үлкен аумаққа қайың ағашының тұқымы себілді.

Қабиден Сәдуақасов – СҚО табиғи ресурустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– 3 жыл қатарынан өңірімізде Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні өткізіліп келеді. Акция басталған 2 жыл ішінде 29 мың көшет отырғызылып, 59 мың тұқым себілді.

Былтырғы жылы өңірде 8,6 гектар жерде 4 орман өрті тіркелді. Қызыл жалыннан мемлекетке 114 мың теңге шығын келді.

Қабиден Сәдуақасов – СҚО табиғи ресурустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

 

–  Бүгінде орман шаруашылығында 16 өрт сөндіру машинасы, 76 трактор, 490 бүріккіш, 576 радиостанция бар. Жалпы өткен жылы біз 33 млн теңгенің жаңа құрылғыларын сатып алдық. Ал биыл өз есебімізден 11 патрульдік көлік пен 3 трактор және 85 млн теңге болатын жаңа жабдықтар алуды жоспарлап отырмыз.

Айту керек, өңірде жібек құрттарымен күрес әлі де жалғасуда. Мәселен, былтыр облыс аумағының 31 мың гектар жерін аталған жәндіктер жаулап алған. Зиянкестер дер кезінде дәріленіпті. Ал биыл мамандардың айтуынша, олардан төнген қауіп 10 есеге азайған. Сол себепті ағымдағы жылы жерүсті жою жұмыстары тек 3 мың гектар жерде ғана жүргізілетін болады.

Айгерим Ержанова