Суда жүзуден облыстық чемпионат басталды

Спорт

2:37 26 Сәуір 2016

Яғни сайыскерлер 25 метр сайын еркін, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу тәсілдерін алма-кезек қолданып, 100 метр қашықтықты жүзіп шығуы тиісті. Бұл бәріне бірдей оңай бола қойған жоқ. 3-сынып оқушысы Ілияс Исалимов кейбір стилдерде жүзуге машығым жетіспейді дейді. Сондықтан бұл сында ол уақыт көрсеткіші бойынша өзгелерден артта қалды. Бірақ бұл жеңіліс тапты деген сөз емес. Ертең Ілияс жеке стильдерде жүзбек.

Ілияс Исалимов- Петропавл қаласы № 1 гимназияның оқушысы:

– Алғашқы 25 метрді баттерфляй әдісімен жүзіп өту қиын болды. Өйткені бұл стильді онша меңгерген жоқпын. Ал брасс пен шалқалап жүзу оңайырақ болды. Мен ертең еркін стильде 100 метрді жүзіп өтемін. Жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын.

Суда жүзуден облыстық чемпионат ертең де өтеді. 2 күннің ішінде 200 үміткердің арасынан мықтылар 2 жас санаты бойынша іріктеледі. Кейін жеңімпаздар республиалық кезеңге жолдама алады. Нақтылап айтқанда, 8, 9 жастағылар осы спорт түрі бойынша Ақтөбе қаласындағы ел чемпионатына қатысады. Ал 10-15 жас аралығындағылар Алматы қаласындағы жарысқа барады. Жүзуден ел чемпионаты мамыр айының басы мен ортасында өтеді.

Теміртас Әлжанов – “Дельфин” олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер жүзу бассейнінің директоры:

– Екі күндік сайыста 200 оқушының арасынан жақсы жүзетін оқушыларды іріктеп аламыз. Үміткерлер еркін, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу тәсілдерін еркін меңгерген болуы тиіс. Біздің оларға қояр талабымыз осы.

Бұл облыстық кезең болғанымен сайысқа кілең қала мектептерінің оқушылары ғана қатысуда. Ал аудандардан ешкім келмеген. Бұған бір себеп аудандарда жүзу бассейндері жоқ.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

Аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары шахмат ойнады
«Qulager» хоккейшілері «Ertis» құрамасын тізе бүктірді
Палуандар жеке жаттығу базасына ие болды
Өңірде жекпе-жектен облыстық турнир өтті
Қарымта кездесуде құлагерліктер “Altai Torpedo”-дан жеңіліс тапты
Петропавлда спорт мектебінің жанынан колледж құрылды
Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды
Өңір зілтеміршілері халықаралық турнирден олжалы оралды
Хоккейшілеріміз қарымта кездесуде басым түсті
Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті
Көркем гимнастшылар сынға түсті
Конькимен жүгіруші Роман Креч үздіктер қатарынан көрінді