Денсаулық сақтау

Сәуірдің 24-30 аралығы “Иммундау” апталығы

Бүгін балақай алғаш рет иммундаудан өтуде. Жалпы, қазіргі уақытта 3-ші қалалық емханада он бес жасқа дейінгі 15 мың 811 бала тіркеуде тұр. Оның барлығы уақытылы Ұлттық күндізбеге сай арнайы екпе алады.

Күлбаршын Әлшімбаева:

– Балам туғанда ағзасы әлсіз болды. Сондықтан дәрігерлер екпені тек 6 айлығында салдыруға кеңес берді. Бүгін келіп қабылдадық. Біз үшін екпені уақыты салдыру өте маңызды. Баласының дені сау болғанын әр ата-ана қалайды ғой.

Елімізде шақалақ шыр етіп өмірге келгенде-ақ, болашақта жұқпалы ауруларға шалдығуынан қорғайтын 3 бірдей екпе жасалады. Бұдан кейін де, күнтiзбеге сәйкес бала жасқа толғанша 14 түрлi екпе қабылдайды. Бұл – адам ағзасын сіреспе, туберкулез, дифтерия, көкжөтел сияқты аурулардан қорғайды.

Бегайым Мейманова, № 3-ші қалалық емханасының учаскелік педиатры:

– Бізде балалрға егілетін АКДС дәрісін биыл АБКДС дәрісіне алмастырдық. Бірнішісін еккенде баланың қызуы көтеріліп, аяқ-қолы тартылатын. Ал жаңасы ешқандай әсерін бермейді. Баланы бірден үйге жібере беруге болады.

Екпе егілмеген балалардың иммунитеті әлсіз болады да, қоршаған ортадағы түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдайды. Кейін ол эпидемиологиялық асқынуға әкеліп соғады. Сондықтан вакцинацияға салғырт қарамаған жөн.
Айту керек, Европа елдері жыл сайын сәуірде «Иммундау» аптасын атап өтеді.

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

 

– Бұл апта 2005 жылдан бері атап өтіледі. Шараға арнайы жоспар құрып қойдық. Жадынамалар таратылады. Спорттық шаралар ұйымдастырылады. Екпеден бас тартатын жандарға кеңес береміз.

Елімізде вакцинация тегін жүргізіледі. Жалпы өңір азаматтарына 21 инфекция түріне қарсы иммундау шаралары қарастырылған.

Акбопе Танирберген