МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыстық «Жастар шығармашылығы-2016» техникалық шығармашылық көрмесі өтті

Тіпті, бұл – техника күз бен көктем мезгілдерінде сулы, батпақты жерлерде оңайлықпен жұмыс жасауға арналыпты.

Көліктің макетін Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенттері Әділ Сатывалдинов пен Ержан Әубәкіров жасаған. Көліктің бөлшектерін жинау үшін олар мыс, полестерол және темірді қолданыпты.

Әділ Сатывалдинов – СҚКПК студенті:

– Бұл комбайн қазіргі ауа райына қолайлы етіп жасалынды. Комбаин үнемді, цеплениясы жақсы, жанармай да аз кетеді.

Ал мынау Есіл ауданынан келген оқушылардың жұмысы. Мадина Қайыркенова мен Заманбек Борамбай ұялы телефонға арналған жаңа бағдарлама ойлап тауып, дыбыс деңгейінің индикаторын шығарған. Мұндай жаңашылдықты жас ғалымдар құлағында мүкісі бар жандар үшін ойластырыпты.

Мадина Қайыркенова – А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің оқушысы, Есіл ауданы:

– Дыбыс индикаторы блютуз арқылы қосылады. Дабыл арнайы микрофонмен жетеді. Негізі бұл құрылғы есту кемістігі бар адамдарға арналған. Яғни, бұл олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі. Сонымен қатар, индикатор сәбилерді бақылауда ұстауға да септігін тигізеді.

Техникалық көрме 7 номинация бойынша өтуде. Бұл – байқауға аудандар мен облыс орталығынан жиналған 30-дан астам қатысушы келді.

Владимир Воронов – қазылар алқасының мүшесі:

– Бұл байқауға қатысушылар өз жобаларын айроғарыштық, биотехнологиялық, радиотехника сынды номинацияда таныстырды. Бірі тікұшақтар мен кемелер, енді бірі ағаштан мүсіндер ойып жасаған. Бәрін әділ бағалауға тырысамыз. Қатысушылардың арасында жыл сайын келетіндер де бар екен.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, республикалық сайысқа жолдама алды. Айта кеткен жөн, мұндай көрме өңірде 25 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді.

Айгерим Ержанова