МТРА жаңалықтары

ЕС – 164/3 түзету мекемесі тыл еңбеккері тұратын үйдің ауласына сенбілік жасады

Маңайында үйеңкі ағаштары қаулап өсіп тұр. Ол бірінші қабаттағы терезелерге күн шуағының түсуіне кедергісін келтіруде. Баспананың тұрғыны Леонид Яковлев осы мәселемен жақында ЕС – 164/3 түзету мекемесінің басшылығына хабарласып, үй жанында сенбілік жасап беруін өтініпті. Қарияның аталмыш мекемеден көмек сұрауы тегін емес. Қарт кезінде ерлер колониясында 12 жыл жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шыққан екен.

Айқын Баженов -ЕС – 164/3 ММ бастығының орынбасары:

– Мекемеде 8 тыл еңбеккері тіркелген. Соның 2-уі өткен аптада қайтыс болды. Біз қарияларға қолымыздан келгенше көмек береміз.

Ауланы жинау жұмыстарына ЕС – 164/3 түзету мекемесінің 8 қызметкері мен 2 бірлік техника тартылды. Жұмысшылар аз ғана уақыттың ішінде ауладағы ағаштарды шауып, маңайды тап-тұйнақтай етті. Үйдің жанындағы тазалықты көріп, тыл еңбеккері Леонид Яковлев бір марқайып қалды.

Леонид Яковлев – тыл еңбеккері:

– ЕС – 164/3 түзету мекемесінің қызметкерлері ағаштарды шауып, үйдің сыртын әктеп бермекші. Бұл мен үшін үлкен көмек. Мекеме басшылығына алғысымды айтамын, қарттарды ұмытпайды. Менің ұлым мен қызым бар. Олардың өздері зейнеткер. Сол себепті бізге қол ұшын бере алмайды. Бір немерем бар. Ол Ресейде тұрады.

Леонид Яковлев-тыл еңбеккері. 2-ші дүниежүзілік соғыс басталғанда оның жасы 12-де болған. Сол кезде бала болса да жылқы бағып, автокөлік жүргізген.

Леонид Яковлев – тыл еңбеккері:

– Ер жетісімен 1947 жылы әскер қатарына алындым. Отан алдындағы міндетімді Белорусия елінде өтедім. Әскерде лейтенант шенін алып, бүтін бір взводты басқардым. 70-ші жылдары елге оралып, 12 жыл ерлер колониясы бастығының орынбасары болдым. Сол жерден зейнетке шықтым.

Қарт зұлмат соғыстың болғанын қаламайды. Жастарға үлкен сенім артады.

Берік Қасен