Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың орын алғанына 30 жыл

МТРА жаңалықтары

3:11 26 Сәуір 2016

Олар қолдарына қызыл қалампыр гүлдерін ұстап ескерткіш маңына таң сәріден келген. Теріскейліктер ең алдымен украин халқының басына ауыр күн туғанда жандарынан табылып, радиация әсерінен құрбан болған жерлестірімзді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Бұдан кейін апат салдарын жоюшыларға арналған ескерткіш басына облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан гүл шоғы әкелінді.

Кейін жиналғандар қолдарындағы гүлдерін ескерткішке қойып, құрбандардың рухына тағзым етті. Жалпы, ХХ ғасырда­ғы ең ірі техногендік радиациялық апат ошағын сөндіруге әлем елдерінен 600 мыңнан аса адам қатысқан. Олардың 2 мыңы – теріскейлік азаматтар. Алапат жарылыстың зардабын жоюға көмектескендерің бірі – солтүстікқазақстандық Кенжебай Айсин. Жерлесіміз сол кезде Белорусияда өзінің әскери міндетін өтеп жүріп, оқиға орнына жіберілген екен.

Кенжебай Айсин – Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы:

– Мен 19 жасымда әскерде болып, сол жақтан оқиға орнынан бардық. Онда тұрғындардың үйлерін жуып, оларды қауіпсіз аймаққа көшірдік.

Бүгінде бұл апаттың тарихта қалғанына 30 жыл өтсе де көп адамның денсаулығына, табиғатқа үлкен зиян келтіргені еш ұмытылмас. Сондықтан, Чернобыль АЭС-дағы жарылыс салдарынан қаза болғандарға құрмет көрсету – адамзат баласының парызы.

–  1986 жылы Чернобыль АЭС болған ең ірі техногенді жарылыс барлық дүние жүзін дүр сілкіндірді. Осы бір алапат апат салдарынан 10-нан аса елдің 145 мың шаршы метр жері ластанған. Радиоактивті түтіннің кесірінен 100 мыңдай адам мерт болған. Ал, жарылыс зардаптарын залалсыздандыруға қатысқан жандардың 80 пайызы мүгедек атанған. Бүгінгі ұрпақ өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің денсаулы үшін күрескен батырлардың ерлігін еш ұпытпайды.

Култанов Байболат

Бұдан әрі оқыңыз

Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Өңірдегі тұрғын үй қорының ауқымы
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
Петропавлда су құбыры жарылды
Стартапшылардың байқауы өтті
Еріктілер ұйымдары бірлесе жұмыс істемек
Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды
СҚО ТЖД көлік паркі 9 техникамен толықты
Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді
Өңірде ресми түрде тіркелген 17 қатты тұрмыстық қоқыс полигоны бар
Петропавлда алғашқы қар жауды
Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы