МТРА жаңалықтары

Петропавлда “1986 ж. Чернобыль қасіреті” атты көрме ашылды

Мынау құралды мамандар қоршаған ортадағы радиоктивті заттарды 45 секунд ішінде анақтауға қолданыпты. Ал, стендтағы суреттер апат аймағының қандай ауыр күйде болғандығын дәлелдейді. Украинадағы дүниені дүр сілкіндірген жарылыс Юрий Лошкаревта да есінде. Сол кезде 19 жастағы бозбала өзінің әскери міндетін өтеп жүріп, жарылыс зардаптарын залалсыздандыруға қатысыпты.

Юрий Лошкарев – СҚО “Чернобыль одағы” мүгедектер ҚБ төрағасы:

– Бұл апаттың зардабын жоюға барлық Кеңес одағы елдерінен келген адамдар қатысты. Мен өзім жарылыстан кейінгі алғашқы күндерден бастап сол жердегі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшірумен айналыстым. Бастапқыда өте қорқынышты болды. Кейін бәріне үйреністік.

Чернобыль аймағында 30-мыңнан аса қазақстандық жұмыс жасады. Оның 2 мыңы теріскейлік азаматтар. Бүгінде жерлестеріміздің 90-ға жуығының ғана көзі тірі. Бұл азаматтармен бүгінгі жиында мектеп оқушыларда кездесіп, олардың естеліктерін тыңдай алды.

Айнұр Ахметова – СҚО тарихи-өлкетану мұрайжайының экскурссия жүргізушісі:

– Мұндай көрменің маңызы өте зор. Өйткені, жас ұрпақ Чернобыль атом электр станциясына қатысқан жерлестерімдің ерліктерімен таныса алады.

Жиын соңында екі жерлесімізге ҚР Ішкі іскер министрлігінің медальдары табысталды. Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін төс белгіге ие болғандардың бірі – Ақатжан Арықов.

Ақатжан Арықов – СҚО “Чернобыль одағы” мүгедектер ҚБ төрағасының орынбасары:

– Бастапқыда барғанда еш нәрсе білмедік. 1 жұмада, 1 айдың ішінде елге ораламыз деп ойладық. Алайда, мамырда кетіп, қазан айында бірақ үйге келдік.

Петропавлда “1986 ж. Чернобыль қасіреті” атты көрме 1 ай жұмыс істейді. Тұрғындар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып жерлестеріміздің суреттерін, олар жайлы жазылған мағлұматтармен таныса алады.

Култанов Байболат