МТРА жаңалықтары

Пасха алдындағы “Вербное воскрсенье” аталып өтті

Себебі сәуірдің 24-і – Вербное воскресенье деп белгілінген. Бұл – Иса пайғамбардың Иерусалимге кірген күні ретінде атап өтіледі. Жиылған христиан дініндегілер қасиетті судан дәм татып, құдайға құлышылқ жасауда.

Вербное воскресенье – Пасха мейрамына бір апта қалғанда тойланады. Дәл осы күні Исус Христос Иеруссалимге кіріп, ондағы жұршылық пайғамбарды пальма ағашының шыбықтарын ұстап үлкен құрметпен қарсы алған көрінеді. Қазіргі күні пальма жапырақтарын – қызыл тал шыбықтары алмастырған.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Қасиетті жазбамен таныс жандар Исусты қарсы алғандағы қуаныштың жалған екенін біледі. Себебі оның Иеруссалимге кіргенінен кейін 3 күн уақыт өткенде дәл сол қарсы алған адамдар сотта «Оны алып кет, керіп, шегелеп таста» деп айқайлаған. Сондықтан бүгін күн христиандар үшін үлкен мереке.

Бұл күннің ерекшелігі, 30 күн ауыз бекіткен христиандардың бір уақыт ауыз ашып ет жеп шарап ішуіне ұрықсат. Бірақ босаңсып кетуге болмайды. Себебі, осы аптада қалған жеті күн оразаны берік ұстанып, тек астан ғана емес көңіл көтеріп өсек-аяңнан бойды аулақ салу қажет.

Нина Гречнева:

– Мен қызыл талды шіркеуге әкеліп қасиеттендіремін. Оны үйге апарып сақтап қоямын. Ол жыл бойы бізді-бәле-жаладан қорғайды.

Прасковья Лобова:

 

– Әр мерекеде шіркеуге келемін. Балаларым да шоқынған. Оразаны ұстанамыз. Бүгін ептеп босаңсуға рұқсат. Ет пен сүттен алуға болады. Ал ертең ауызымызды қайра бекітеміз.

Биыл пасха мейрамы дәл бірінші мамыр – бірлік күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Христиан жамиғаты мұның үлкен үндестік екендігін айтуда.

Акбопе Танирберген