МТРА жаңалықтары

Өңір прокурорлары 1-ші тоқсанды қорытындылады

Мұны өңір прокурорлары айтуда. 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша қылмыстар саны 13 пайызға азайған.

Айман Абдирова – облыс прокурорының орынбасары:

– Соның ішінде аса ауыр қылмыс – 22, орташа ауыр 9 пайызға төмендеді. Өлтіру, зорлау, ұрлық, қарақшылық фактілері де айтарлықтай азайған. Керісінше, тонау, қоғамда жасалатын қылмыстар саны кемімей отыр.

Бүгінде әлеуметтік-экономикалық саладағы заңбұзушылықтар да кемімей тұр. Алғашқы үш айдың ішінде өңір прокурорлары 153 тексеріс жүргізіп, 1 800-ден астам заңбұзушылықты анықтаған. Біразы еңбек заңнамасының сақталмауына байланысты.

Арай Әлімов – облыс прокурорының орынбасары:


– Жыл басынан бері еңбек заңнамасына қатысты өкілетті органдармен 12 ұсыныс қарастырылған. 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, қадағалау актілері бойынша 2 300 жұмысшыға 150 млн теңгеден артық жалақы уақытынан кеш төленгендігі анықталды. Бүгінде 12 кәсіпорын жетекшісіне қатысты іс қаралуда. Олар 400-ден астам азаматқа жалпы сомасы 32 млн теңгенің жалақысын төлемеген.

Жиын барысында өңір прокурорлары БАҚ өкілдерімен пікір алмасты. 4-ші билік өкілдері мамандардан түсетін мәліметтердің мемлекеттік тілде жазылуы сапасы нашар деді.

Ербақыт Амантай – “Солтүстік Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары:

– Мемлекеттік тілдегі берілген мәліметтерде нақты фактілер жоқ. Аудармашылар
прокурорлардың жұмысымен жіті таныс емес, сондықтан олардың аударған материалдарының сапасы сын кқтермейді.

Жиын соңында облыс прокуроры Степан Зайтлер БАҚ өкілдері тарапынан қозғалған мәселелер оң шешімін табады деді.

Берік Қасен