Спорт

Мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті

Осыған дейін түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған нәзік жандының бүгінгі қарсыласы – 44-ші орта мектептің оқушысы Аманай Амантай.

Айгүл Искенеева – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 9-сынып оқушысы:


–  Қарсыласпен мен 2-ші рет кездесіп жатырмын. Қиын болады деп ойламаймын.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Биыл оған 19 құрама қатысуда. Әр командада 3 оқушыдан бар.

Нұрлан Жолмұқанов – әл-Фараби мектеп-лицейінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы, жарыстың төрешісі:


–  Швейцарский жүйемен ойнап жатырмыз. Баллдар есептеледі. Команданың ұпайы есептеледі. Жеке есептер саналмайды. Команда болып ойнап жатқаны жақсы.

Ойлау қабілетін арттырып, төзімді шыңдайтын спорт түрінен жарыс 2 күнге жалғасады.

Магжан Ахмадина