МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда 4 субұрқақ жөнделеді

Ал қалған төртеуі дәл қазір жөндеуден өткізіліп, жаңартылуда. Бұл жұмыстарға қала бюджетінен 20 млн теңгеден астам қаражат бөлініпті.

Алғали Асриев – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:


–  Субұрқақтар, әзірге таңғы сағат 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Ал орталық алаңдағы фонтанның светодиотты шамдары мен әуені небәрі жарты сағатқа ғана қосылады. Яғни, кешкі 9-дан 9 жарымға дейін. Жөнделіп жатқан қалған 4 субұрқақ мамыр айында қолданысқа беріледі.

Айту керек, биыл Солтүстік Қазақстан облысына 80 жыл толады. Осыған орай шаһарда аббаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, өткен аптада қала тұрғындары екінші сенбілікке шығып, көшелерді қоқыстан арылтты. Нәтижесінде сәуірдің 23-і күні облыс орталығында 35 мың түп ағаш пен 25 мың метр бордюр әктеліп, 750 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Шараға қатысқандардың дені мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқушылар болды. Әкімдіктегілердің айтуынша, мұндай жиындарға жеке кәсіпкерлер атсалыспайтын көрінеді. Олар тіпті, өздеріне тиесілі ауланы да тазаламайды екен. Бұның салдарынан орталық көшеде орналасқан демалыс орындарынан байқауға болады.

Серік Қанапинов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

 

– Мәдениет және демалыс саябағының көркін міне, мына дәмханалар бұзуда. Маңдары жиналмаған, ағаш түптері әктелмеген. Тіпті, кәсіпкерлер иелік ететін ғңимараттардың сырты да қорқынышты. Сырлап, әдемілеуге болады ғой.

Бүгінде қалалық құрылыс және сәулет бөліміне арнайы хат жолданып, кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қолдану мәселесі қарастырылу үстінде.
Ал мына жер осыдан бірер күн бұрын кішкентай балаларға арналған көліктер мен велосипедтерге толы болатын. Енді машиналарды жалға берушілер бұл бизнеспен айналыспайтын болды. Себебі, жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлердің рұқсат қағаздары жоқтығын анықтап, олардың бұл істеріне тыйым салған.

Айгерим Ержанова