МТРА жаңалықтары

Теріскейлік радио әуесқой балалар ел чемпионатында 1-ші орын алды

Алғашқы жылы екінші орынды қанағат тұтқан ол кейінгі жылдары қатарынан екі рет чемпион атанды. Зерек бала Астанадағы чемпионатта ең жоғары 360 баллды жинаған. Радиотехникаға әуес жеткіншек бұл сала физикамен тікелей байланысты, сондықтан болашақта физика пәнінен сабақ беріп шәкірт тәрбиелеймін дейді.

Азамат Мұстафин, Парасат мектеп-лицейінің оқушысы, Бескөл ауылы:

– мына тетікті бассаңыз дыбыстар шығады. Оны қағазға тереміз. Жылдамдығымызға қарай төрешілер тиесілі ұпайымызды қойды.

Қазір сыныптағы балалардың жартысы дабыл беріп отырса, қалған бөлігі оны қабылдап, қағазға қаріп түрінде түсіруде. Бұл үшін Морзе әліппесін жатқа білу керек.

Дабылдар мен жылдам басылған клавиша дыбысы. Балалар осылайша күніне 2 сағат жаттығады.

Ақан Тұрлыбаев, Бескөл №2 орта мектебінің радио спорттан жаттықтырушысы:

– Ең алғаш ашылғанда қатысушылар саны көп болған жоқ. Қазір балалардың қызығушылығы артып келеді.

Жалпы республикалық чемпионатқа Солтүстік Қазақстанннан 12 адам барған екен.

Станислав Стаханов – «Қазақстандағы радио әуестік және радиоспорт федерациясы» СҚОФ директоры:

– Облыста кейінгі кезде жеңіл атлекикаға көп көңіл бөлінуде. Ал техникалық спорт түрлері оның көлеңкесінде қалып келеді. Десе де қазір өңірде бес радио клуб жұмыс жасап жатыр. Ел чемпионатына қатысқан Әскери институттың курсанттары 1-3-ші орындарды алып қайтты. Бірақ, әлемдік деңгейдегі сынға тек оқушы балалар шығады.

Республикалық чемпионатқа сыныпта отырған 7 оқушының барлығы барған. Бірінші орын алған Азамат Мұстафин мен Азамат Төлегенов Оман Республикасында биыл қыркүйек айында өтетін әлемдік сынға жолдама ұтып алды. Қазір олар дайындық үстінде.

 

Акбопе Танирберген