МТРА жаңалықтары

Петропавлда балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Өйткені мұнда қойылған барлық туындылар танымал адамдардың бет-бейнесін айқындап тұр. Олардың ішінде әйгілі боксшы Майк Тайсон, Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ Президенті Барак Обама да бар.

Бұл көшпелі көрме біздің шаһарға жыл сайын келеді. Әкелінетін мүсіндер де өзгеріп тұрады. Биылғы 40 туындының барлығы да жаңадан жасалған. Біреуін теледидардан ғана көреміз, ал енді бірін суреттерден ғана танимыз. Кейбіреуін тарих беттерінен білсек, кейбіреуіне тіпті жанкүйерміз.

Раиса Путилина – Санк-Петербургтық балауыз мүсіндер көрмесінің әкімшісі:

– Негізі бұл өнер сонау 16-шы 17-ші ғасырларда аса танымал болған. Жыл сайын дамып тұрған. Мәселен, 80-ші жылдардың соңында химиктар мен биологтар жиналып, -40 пен +40 градусқа дейін төзімді балауыздың жаңа құрамын ойлап тапқан. Біздің көрмеміз әртүрлі жастағы көрерменге арналған. Бүгінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтан кішкентай балалар мен ересектер де зор қызығушылықпен келеді.

Келушілердің көбі мектеп оқушылары. Сондықтан олардың көзі көбіне мына бөлмеге түседі. Өйткені, мұнда балалардың сүйікті ертегілері мен фильм кейіпкерлері жайғасқан. Тентек Буратино мен достары, Властелин колец пен 3 метрлік Аватар және Кариб теңізінің қарақшылары да бар.

–  Мұндай көрмеге алғаш рет келдім. Маған Шыңғыс хан мен футолшы Пеле ұнады. Олар тірі адамдардан айнымай қалған.

– Мен әпкеммен келдім. Мұнда маған Аватар ұнады. Мен оны бірнеше рет көрдім.

–  Маған Гарри Потер кейіпкерлері мен Кариб теңізінің қарақшысы ұнады. Ұстасаң тірі адам сияқты. Көздері де шынайы.

Айту керек, бір мүсінді жасау үшін 15 адам 1 жылға жуық уақыт еңбектенеді. Бірі денесін жасаса, бірі тістері мен шашын қалыпқа келтіреді.

Раиса Путилина – Санк-Петербургтық балауыз мүсіндер көрмесінің әкімшісі:

 

– Бір мүсінді қаншама адам жасайды. Мәселен, шаштараздар өз ісімен айналысады. Олар бір талдан инемен балауызға кіргізеді. Бұл жұмыс бірнеше айға созылады. Кірпік пен қасты да солар реттейді. Офтальмолгтар көздерін, стоматологтар тістерін жасайды. Кейін модельерлер киімдерімен айналысады. Жалпы мамандар мүсіндерді шынайы адамдардан айнымайтындай етіп жасауға тырысады.

Санк-Петребург қаласының көшпелі көрмесі облыс орталығындағы тарихи-өлкетану мұражайында жайғасқан. Өз жұмысын олар ағымдағы жылдың маусым айына дейін жүргізбек. Айта кеткен жөн, Петропавл қаласының тұрғындары жаңа экспозпонаттарды бірінші болып тамашалауда.

Айгерим Ержанова