МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық 30 өндіруші республикалық көрмеге қатысады

Дайын болған қиынды келесі цехқа жөнелтіледі. Бұл жердегі жұмыс та заманауи құрылғының күшімен атқарылуда. Әзірленген бетонның ортасына кесілген пенопласт салынып, нәтижесінде мынадай үш қабатты жылыту блоктары жасалады.

-Құрамында құм, цемент және майда тастар бар жаңа ғана құйылған мына блоктар ендігі кептіріліп жатыр. Мұның біреуі 8 кірпіштің орнын алмастыра алады екен. Негізінен бірнеше қабатты тұрғын үйдің құрылысына пайдаланылады.

Сондай-ақ, мұнда нысанның сыртын қаптайтын материалдар мен жаяу жүргіншілер жолына төселетін тақталар, су құбырлары өндіріледі. Жеке кәсіпкерлік жалпы мұндай өнімнің 12 түрін жасайды. Оның барлығын түрлі көрмелерге шығарып жүр.

Анатолий Соболев, «Жүнісов Б.Н.» ЖК басшысының орынбасары:

-Жақында Ресейдің Омбы, Түмен қалаларынан тапсырыс келіп түсті. Енді көрші елде де қазақстандық өніммен құрылыс жүреді. Жалпы, біздің өңірде 20 нысан біздің материалдардан салынды. Айта кетейін, біз екі жыл қатарынан “Алтын сапа” көрмесіне қатыстық. Нәтижесі де жоқ емес.

Мамыр айының басында Астана қаласында «Қазақстанда жасалған» тауарлардың көрмесі өтеді. Оған тек мемлекет қолдауын көрген өндірушілер қатысады. Қазір тәулігіне 20 мың блок өндіруге қауқарлы кәсіпкерлік өз өнімдерін осы көрмеге апару үшін дайындық жүргізіп жатыр.

Тамара Рамазанова, «Жүнісов Б.Н.» ЖК есепшісі:

-Біздің кәсіпкерлікте 2014 жылы 30 мың дана өнім өндірілген, 2015 жылы бұл 35 мыңға артты. Бұның барлығы мемлекет қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Енді Астанада өткелі отырған көрмеге тауарларымызды қоймақпыз. Біз өндірген блоктардың сапасын жұртышылыққа таныстыру үшін бұл – таптырмас мүмкіндік.

Кішігірім кәсіпкерлер қаржылық шығындарға байланысты мұндай үлкен көрмелерге қатыса алмай жатады. Бұл жолғы ерекшелік, барлық шығындарды көрмені ұйымдастырушылар – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» көтеріп отыр. Бұл мүмкіндікті жалпы елімізден 350 компания сәтті пайдаланбақ. Оның отызы – солтүстікқазақстандық өндірушілер.

 

 

Акбопе Танирберген