Спорт

Петропавлдық Кристина Яловенко белбеу күресінен ел чемпионы атанды

Кристина Яловенко, белбеу күресінен ҚР чемпионы:

 

-Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 15 спортшы келді. Өзім 52 келі салмақта күресіп жүрмін. Үш адаммен бозкілемде белдестік. Екеуі – астаналық, бірі – ақтөбелік. Барлығын жеңдім.

Енді Кристина қыздың алдында маусым айында Ашхабатта өтетін Азия чемпионаты тұр. Қазір дайындық қызған.

Уәлихан Дәуренбеков, белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы:

-Сәуірдің 15-17-сі аралығында өткен ел чемпионатына әр өңірден 140 спортшы қатысты. Қазір ұлттық спорт түрі дамып келе жатыр. Биыл белбеу күресі Азия ойындарының қатарына қосылды. Қуаныштымыз. Кристина Яловенко маусымдағы Азия чемпионатынан келген бетте Казан қаласында өтетін әлем біріншілігіне дайындаламыз.

Әйелдер мен ерлер арасында белбеу күресінен өткен Қазақстан чемпионатына теріскейден 5 спортшы барды. Кристина Яловенкодан бөлек, жергілікті спортшы Жасұлан Құрманғалиев қола жүлдегер атанып қайтты.

 

 

Акбопе Танирберген