Денсаулық сақтау

Петропавлда суицидтің алдын алуға байланысты семинар-тренинг ұйымдастырылды

Павел Моисеев – №1 қалалық емхананың суицидологикалық бөлімінің психологы:

-Бүгінгі семинарға жалпы практидағы дәрігерлер шақырылып отыр. Өйткені, суицид жайлы барлығымыз білуіміз керек. Онымен күресу қажет. Мұндай әрекетке көбіне жас балалар барады. Оларға біз дер кезінде көмекке келуіміз керек. Ата-аналар да бұл жұмыстан тыс қалмаса дейміз. Олар балаларын бақылауда ұстап, сенім білдірулері керек. Аталған жиын арқылы біз суицидті 1,5-2 есеге азайтамыз.

Суицидтің алдын алуға байланысты мұндай оқыту-семинарын елімізде бірінші болып петропавлдық мамандар ұйымдастыруда. Маңызды шараның алғашқы отырысына №1 қалалық емхананың дәрігерлері қатысып, өздеріне керекті тың ақпараттар алды.

Ирина Суворина – №1 қалалық емхананың невропатолог-дәрігері:

-Біз жұмыс барысында күйзеліске ұшырағандармен күнде жүздесеміз. Бұл – әсіресе, жастар мен әйелдер, кейде ер азаматтарда да кездесіп жатады. Күніне шамамен 5-7 адамды қабылдаймыз.

Айту керек, мұндай шара облыс орталығында көктем соңына дейін жалғасады. Ал аудандарда күз мезгілінде өткізіледі.

 

 

Айгерим Ержанова