Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір диқандарына кеңестер берілді

Нияз Ыбыраев- «Қазақстан фермерлер одағы» СҚОФ төрағасы:

-Кризиске қарамастан жақсы көмек болып жатыр. Біздің облысқа 16-17 млрд теңге қаржы бөлінетін болады. Соны әркім жұлып кетпей, барлық фермерлерге бөліп беру керек. Өңірде 4 мыңға жуық диқан бар соларға бөліп беру керек.

Жаңашылдықтарды өңір аграрийлеріне жеткізіп, теріскейлік диқандардың мәселелерін жоғарғы жақта көтеру үшін жиынға министрлік өкілдері қатысуда. Олар еліміздің барлық аймақтарында болып осындай кездесу өткізбек. Осыған дейін 4 облыста болып келіпті. Қазақстан фермерлер одағының президенті- Әуезхан Даринов ауыл шаруашылығы құрылымдарының бүгіндері кооперативтер құрып, соған еніп жатқаны дұрыс дейді. Бірақ бұл заңда олқылықтар бар.

Әуезхан Даринов- Қазақстан фермерлер одағының президенті:

-Заң жақсы. Ел үшін тиімді. Бірақ оның шикі жерлері бар. Ол арнайы салық режимі. Оған сай шаруалар 70 пайыздан босатиылған болатын. Кооперативке өтсе, ол қаралмай қалады. Одан бірыңғай салық төлеуден коопертивке кірсе, айырылайын деп отыр.

Осы сауалға қатысты кәсіпкерлер палатасы диқандардың да пікірін тыңдамақ. Өтйкені қаржы мәселесіне қатысты олардың өз ұсыныстары бар.

Рүстем Құрманов- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаментінің директоры:

-2016 жылдан бастап гектарға төленетін субсидия алынып тасталады. Жылда оған 40 млрд теңге қаржы жұмсалатын. Енді біз сол қаржыны өзге де маңызды деген қолдау тетіктеріне бөлмекпіз. Ол инвестициялық субсидиялар. Оның арқасында бұрын көмек көрсетілмеген ауыл шаруашылығы бағыттары қолдау табады. Мысалы, техника алсаңыз, соның 25 пайызы субсидияланатын болады.

Жиын скайп жүйесі арқылы аудандардағы аграрийлердің қатысуымен өтті. Сондықтан оларды мазалаған барлық сауалдар бойынша кеңестер берілді.

 

 

Магжан Ахмадина