Білім

Елордалық мамандар мектептерге қауіпсіздік жүйесін орнатуы мүмкін

Әскер Башеев – “BenchMark Consulting” ЖШС бас директоры, Астана қаласы:

-Мектепте бір кіреберіс есік болса, онда жобаның құны 1 млн теңге. Егер мектепте 5 есік болса, 5 млн теңге.

Чип орнатылған карточкаларды ата-аналар өз қаражаты есебінен 2 жылда бір рет ауыстырып отырулары қажет. Бір карточка 1000 теңге тұрады. Осы орайда қауіпсіздік жүйесін орнатуға қатысты тұрғындардың пікірін ескердік. Біразы мұндай жаңашылдыққа аса қызығушылық танытпаймыз деді.

-Қазір жоғары сыныптың оқушылары еркінсіп кеткен. Кейде сабаққа қатыспайды. Сондықтан, олардың ата-аналары үшін бұл жүйенің пайдасы тиер деп ойламын. Баласының мектепке келмейтіндігінен хабардар болады.

-Ұлым 1-сыныпта оқиды. Оны мектепке күнде ертіп әкеліп, сабақтан кейін өзім алып кетемін. Сондықтан, мен қауіпсіздік жүйесінің орнатылуына аса қызуғышылқ танытпаймын.

Осы күні елордалық компания СҚО-да әлеуметтік желілердің бірыңғай порталын құрып берді. Ол арқылы білім басқармасы, мектеп әкімшілігі және ата-аналар оқушының әлеуметтік желілердегі күнделігіне бақылау жүргізе алады. Бұл да балалардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шаралардың бірі.


Берік Қасен