Алматы мен елордалық мамандар теріскейлік мәдениет саласы қызметкерлеріне дәріс өткізді

Мәдениет

2:41 21 Сәуір 2016

Батыржан Мықтыбаев, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің бас концертмейстері, Алматы қаласы:

-Жақсы кездесулер, мастер кластер жыл сайын өтсе екен дейміз.

Меймандар қаладағы мәдени ошақтарда екі күн бойы кітапхана, мұрағат, вокал мен би, театр өнері жайында өздерінің шеберлік сыныптарын өткізеді. Осылайша теріскейлік мамандармен тәжірибе алмаспақшы.

Әлімбек Оразбеков, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық- драма театрының режиссері, Астана қаласы:

-С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрымен осыған дейін бірнеше спектаель қойып үлгердім. Бүгін енді міне арнайы сабақ өткізу мәртебесі бұйырды. Жергілікті актерлермен Чеховтың әртіс техникасы жайлы бөліспекпін.

Ендігі С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Нұржан Жолдыбалиновтың шеберлік сыныбы басталып кетті. Тақырып кітаптардың электронды нұсқаға көшірілуі мен смортфон арқылы кез келген жерде кітап оқу мүмкіндігімен байланысты.

Нұржан Жолдыбалинов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы электронды ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі, Астана қаласы:

-Электорндық гаджеттермен қалай жұмыс істеу керектігі, авторлық құқық бойынша көптеген тақырып өтеміз.

Ал «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенінде Астанадағы Ұлттық музейдің бас қор сақтаушысы Рысгүл Бекталиеваның шеберлік сыныбы өтіп жатыр. Ол жәдігерлерді сақтаудың қыр-сыры, мұражайдағы әр заттың көнелілігіне қарай ауа қысымының мөлшері жайлы айтуда. Тақырыпты зейін сала тыңдаған жергілікті мұражай қызметкері Ақмарал Елеусізова керек нәрсенің барлығын көңілге тоқып алдым дейді.

Ақмарал Елеусізова, «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенінің қор сақтаушысы:

-Бүгін мұражайдағы құдылықтарды сақтау тіртібі жайлы тренинг өтуде. Аларымыз көп. Аудандар мен облыс орталығындағы мұражай қызметкерлері толық жиылды. Ұлттық музей жайлы да көп мағлұмат алдық.

Бүгін дәріс алған өңірдің 400-ден астам мәдени сала маманы мен арнайы келген қонақтар үлкен көлемдегі шараны ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік туғызған Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына дән риза.

Акбопе Танирберген

Бұдан әрі оқыңыз

“Айлы түннің жарығымен” фестивалі өтті
Суретші Василий Манзяның 85 жылдығына арналған көрме
“Туған жерім – Қазақстаным” атты поэзиялық байқау өтті
Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл
Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті
НЗМ оқушылары халықаралық би байқауында үздік атанды
Шоқан Уәлихановқа арналған көрме қанат жайды
“Күдер” ансамблі Дубайда халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
“Швецияның әуендері мен ырғақтары” атты концерт өтті
“Жыл мезгілдері” атты көрме қанат жайды
Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық академиялық хорына – 35 жыл
Петропавлда облыстық “Абай оқулары” өтті