МТРА жаңалықтары

“Бауыр церрозына” шалдыққан кішкентай Анастасия Шарапованың отасына қаражат жиналуда

Мамандардың айтуынша, балғынға жедел түрде ота жасап, бауырын алмастыру қажет. Ал
Анастасияның операциясына шамамен 15 млн теңгедей қаражат қажет. Бүгінде оның 1 млн теңгесі жомарт жандардан түскен. Осы күні қаражат жинау жұмыстары жалғасуда.

Михаил Калашников – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

 

– Біз Анастасия Шарапова жағдайы мүшкіл екенін теледидардағы жаңалықтардан білдік. Студенттер балғынға аз да болсын қол ұшын созу мақсатында қайырымдылық шарасын өткізудеміз. Бүгін 400 билет сатып, шамамен 80 мың теңге жинамақшымыз.

“Покажи себя” байқауына студенттерден бөлек, оқушылар мен түрлі өнер ұжымдары атсалысты.

Қазіргі уақытта Анастасия анасы – Янамен Мәскеу қаласында ем қабылдап жатыр.

Берік Қасен