Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір оқушылары үшін мектеп формасын тігуге теріскейлік кәсіпорындар тартылмақ

Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап теріскей де маңызды құжаттағы әр қадамда айтылған міндеттерді орындауға білек сыбана кірісіп кетті. Жасалып жатқан жұмыстарды брифинг барысында тізбектеген облыс әкімі Ерік Сұлтанов, өңірдің көктемгі дала жұмыстарына толығымен әзір екендігін айтты. Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Ұлт жоспарының 55-59 қадамдарында инвестиция тарту жайы айтылған. Бүгінгі күннің өзінде өлкеміз шетелдік қалталы азаматтармен бірқатар жобаларді іске асыруда. Олардың қатарына Қызылжар ауданындағы майлы дақылдарды өсіру, Петропавлдағы көлік-логистикалық орталық құру, бордақылау, сүт және спирт зауыттарын кіргізуге болады. Кейін жиынға қатысқан журналистер қауымы өңір жетекшісіне өз сауалдарын жолдады. Солардың алғашқысы нақ осы инвестиця тартуға қатысты болды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Ақпан айында елшілермен кездескенде бірқатар жобалар бойынша қызу талқылаулар болды. Жалпы инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасады.

Жол қадірін жүрген біледі демекші. Кездесу барысында айта, айта жауыр болған жолдар мәселесі де сөз болды.

Самат Жақыпов- «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі:

– Қаладағы Абай, Уәлиханов өзге де бірқатар жолдардың сапасы сын көтермейді. Қашан жөндеу көреді. Тағы тасқын су шайып кеткен аудандық жолдар қалыпқа келтіріледі ме?

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Биыл 20 шақырым қаладағы жол жөнделеді. Оған 1 млрд теңге қаржы бағытталмақ. Су шайған жоладар да қалыпқа келтіріледі. Оған республикалық бюджеттен қаржы қарастырылады деп ойлаймын. Кемінде 300 млн теңге қаржы қажет.

Кейін аймақ басшысы тағы «Астана- Петропавл» тас жолындағы жөндеудің биыл аяқталатындығын айтты. Бұдан бөлек, журналистердің сауалдарына жауап берген Ерік Сұлтанов алдағы 3 жыл көлемінде Ресейдің Қорған, Омбы облыстарына апаратын тас жолдар да қалыпқа келтірілетіндігін жеткізді. Әлемде орын алған экономкаилық қиындықтар кезінде жергілікті кәсіпорындарды қолдау маңызды.

Ақмарал Есдәулетова- «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі:

– Биылдан бастап мектеп формасы енгізіледі. Бұл жұмысқа өзіміздің кәсіпкерлер тартылады ма?

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:


–  49 мыңнан астам форма керек. Соның 80 пайызын теріскейлік кәсіпорындар тігетін болады. Қалған жұмыстарды қазақстандық фабрика, Көкшетаулық және Астаналық серіктестіктер дайындайды.

 

Жиын барысында бұдан өзге де маңызды деген сауалдар көтерілді. Жалпы кездесу 1 сағатқа жуық уақытқа жалғасты.

Магжан Ахмадина