МТРА жаңалықтары

Журналистермен бірлесіп жемқарлықтың алдын алу

БАҚ – мемлекет пен халық арасындағы көпір. Сондықтан олардың сыбайлас жемқарлыққа қарсы іс қимылдар тұрғысындағы іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы маңызды, дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде пара алушылықпен күрес көптеген елдердегі проблема. Өкінішке қарай, оның қатарында біздің ел де бар. Бұл ретте Қазақстанда былтыр арнайы жемқарлықпен күрес бағдарламасы құрылып, әр өңірде оны қолдау мақсатында филиалдар ашылды.

Александр Тыртышный, “ҚР Президентінің жемқорлықпен күрес бойынша бағдарламасын қолдау комитеті” ҚБ СҚО бойынша филиалының төрағасы:

-Қоғамның барлық өкілдері мен құқық қорғау органдарының арақатынастарын нығайта түсу керек. Біздің комитеттің негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, сот шешімдеріне экспертиза жасау. Қазіргі уақытта тұтынушылар тарапынан келіп түскен 12 шағым тіркелді. Оның басым бөлігі тұрғын үй жобасының сапасыздағына байланысты.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінен де мамандар шақыртылған. Жемқорлықтың жолын кесуде масс медия өкілдерінің рөлі басым екенін олар да атап кетті.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті бөлім басшысы:

-Журналистердің қоғамдық пікір тудыруда рөлі басым. Сондықтан, мұндай шараларды бірлесіп атқару маңызды.

Деседе, бүгінгі таңда БАҚ мен жемқорлықтың алдын-алушылар арасында бірлесе жұмыс жасауда өзіндік кедергілер бар. Мәселен, Департаменттегі ақпаратқа журналистер хат жолдау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ал, оның жауабы 3 күннен кейін беріледі. Жедел ақпарат тарататын тілшілер бұл уақыттың тым ұзақ екенін атап кетті.
Айту керек өңірде 2016 жылдың бірінші тоқсанында 40-тан астам жемқорлық оқиғасы тіркелген. Ал, ол жайлы БАҚ-та жарияланған мақала мен сюжеттер жоқтың қасы.

 

 

Акбопе Танирберген