Спорт

Петропавлда мектеп оқушылары арасында боулингтен “Қала кубогы” өтті

Гүлнәр Мурсалимова – «Bowling Centre №1» ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

-Осындай турнирлер арқылы жастарды спортқа тартсақ дейміз. Сондықтан, жыс сайын, маусым сайын түрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Бүгінгі сайысқа қатысушылардың барлығына да сыйлықтарымыз бар. Жалпы бұл турнир 3 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – іріктеу кезеңі, екіншісі – жартылай және финал болады. Соңғысына 6 команда қатысады.

Бұл – мектеп оқушылары арасындағы сын. Мұнда 13 мектептен келген 26 жасөспірім қатысуда. Әрқайсысы да жеңіске жетуді мақсат тұтқан. Бірақ, олар бірінші 3 кезеңнен тұратын ойыннан сүрінбей өтулері қажет.

-Іріктеу турына қатысушылар жоғары ұпай жинау үшін боулинг шарының жолағындағы бар кеглиді құлату керек. Бірақ, страик соғу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.

Дегенмен, жарыста боулингті шебер ойнайтындар да кездесті. Бірінші кезеңнен мүдірмей өткен 10 команда жартылай финалға шықты. Көшті 473 ұпаймен №24 орта мектептің оқушылары Юрий Власов пен Яна Мелик-Шахмазарян бастап тұр. Олар жарыс барысында бірнеше мәрте страик та соққан.

Юрий Власов – №24 орта мектептің 9-сынып оқушысы:

-Боулинг ойнаған өзіме қатты ұнайды. Сол себепті, аптасына бір рет осы ойын орталығына келіп тұрамын. Спортқа жақынмын. Ережесіз жекпе-жекке де қатысамын. Негізінде, мұндай турнирге 4-ші рет қатысып тұрмыз. Бірақ, үнемі жүлделі орын иеленбей қалатынбыз. Бүгін жеңістен үмітіміз зор.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті 10-шы мектеп тұйықтады. 2-ші орынды №24-ші білім ордасының командасы иеленсе, турнирдің жеңімпазы №32 мектептің оқушылары атанды. Барлығы кубок және дипломдармен марапатталды.

 

 

Айгерим Ержанова