Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қиын кезде көмек қолын созған құтқарушылар марапатқа ие болды

Есжан Ақынов- Жамбыл облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

-Аса қиын болған жоқ. Жақсы дайындалып келдік. Соның арқасыенда халыққа көмек көрсеттік. Үй ішіндегі заттарды далаға шығарыстық. Адамдарды қауіпсіз аймақтарға шығардық.

Қиын қыстау кезеңде бізге қолдау көрсеткен құтқарушылар еліміздің 4 аймағынан келді. 200-ге жуық маман 2 аптадан астам уақыт қызыл сумен күресіп, бүгін өз өңірлеріне оралмақ. Сап түзеген төтенше жағдайлар қызметкерлеріне күллі өңір халқы риза. Сондықтан облыс әкімінің атынан оларға алғыс хаттар табысталды.

Антон Федяев- СҚО әкімінің орынбасары:

-Су тасқынында теріскейліктерге көмекке келген әрбір құтқарушыға алғысымыз шексіз. Апат айтып келмейді. Десе де, сіздер өз дайындықтарыңыздың жақсы деңгейде екендігін көрсеттіңіздер. Осы көктемде 400-ден астам үйді су басты. Соларға көрсеткен қолдауларыңыз орасан зор.

Ал Қызылорда облысынан өңірге 30 құтқарушы мен 4 техника келген. Олар М. Жұмабаев ауданында болыпты.

Жалғасбек Сұнақов- Қызылорда облысы ТЖД облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлім бастығы:

-Сарытомар., Возвышенка, Қара қоға елді-мекендерінде болып халыққа көмектестік. Жергілікті билік жақсы көмектесті. Бірлесіп жұмыс атқардық.

Осыған дейін облыс тұрғындарына қиын уақытта қол ұшын созған 70-тен астам құтқарушы теріскейде жұмыстарын аяқтап, өз өңірлеріне кетіпті. Бүгін тағы мамандар Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген 50 азаматты шығарып салды.


 

 

Магжан Ахмадина