Мәдениет

Петропавлда украин әндерінің фестивалі өтті

Ирина Дробышева – «Смерека» квартетінің әншісі, Жамбыл ауданы:

-Біздің ұжым әлі жас. Құрылғанымызға – 5-ақ жыл. Соған қарамастан біз көптеген шараларға қатысып, жылда репертуарымызды жаңа әндермен толықтырып тұрамыз. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалатын әндер де баршылық. Бүгін тақырып достыққа арналғандықтан көбіне махаббат, татулық туралы шығармаларды орындаймыз.

Облыс орталығы мен 6 ауданнның бірнеше өнер ұжымдарының басын қосқан сайыста негізінен украин халқының әндері орындалды. Кеш барысында шырқалған әрбір композицияны жиналған қауым ерекше ықыласпен қабылдады. Ал жеңімпаз атанған ұжым республикалық фестивальға жолдама алады.

Аркадий Польшаков – СҚО украин этномәдени орталығының төрағасы:

-Биыл республикалық фестиваль қазанның 21-і мен 23-і аралығында Астанада өтеді. Оған мықты деген ұжым таңдалып алынады. Өткен жылы сондай республикалық шараға Ғ.Мүсірепов ауданының өнер ұжымы қатысқан болатын.

Бүгіндері өңірде 30 мыңға жуық украин ұлтының өкілдері тұрады.

 

 

Магжан Ахмадина