МТРА жаңалықтары

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Ислам және зайырлы қоғам” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-Бұл іс-шараның мақсаттары мен мұраттары діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету. Діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп нығайту, араздық пен экстремизмге қарсы тұра алатын толеранттылықпен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Оның үстіне Құран ешбір жанды зорлықпен дінге кіргізуді әмір етпеген. Бұл жайлы ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров тоқталды. “Жастар және ислам” баяндамасын таңдаған елордалық мейман студенттерге 2013 жылы елімізде ақпараттық-түсіндіру тобының құрылғандығын айтып, ол ұйымның қандай шаруалар атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

Ершат Оңғаров – ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы:

-Ол екі топтан құрылады. Біріншісі республикалық құрамында 32 ең білікті исламтанушы мамандар бар. Екінші топ ол жергілікті топ. Онда 295 имам дәстүрлі дін жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінде әлемде дін атын жамылған теріс ағымдар жетерлік. Олар адам санасын улап, түрлі экстремистік әрекеттерге итермелейді. «Дінді білмеген дымды білмейді» дегендей ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан жастар дәстүрлі дін жайлы көбірек естіп қалуға тырысты.

Ұлжалғас Топбасы – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Осындай кездесулер жиі өтіп тұрса жастарға жақсы болады. Көп мағлұмат аламыз.

Айкүміс Әбділдә – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Қазір түрлі теріс діни ағымдар бар. Солардың арбауына түсіп қалмау үшін осындай жиындардың болғаны дұрыс.

Қазіргі таңда елімізде ҚМДБ ашқан 9 медресе бар. Оның екеуі колледждік статусқа ие болған екен. Яғни, дәстүрлі дінмен қатар студент зайырлы білімді алып шығады екен.

 

 

Риат Шони