МТРА жаңалықтары

Биыл 1 мыңнан астам солтүстікқазақстандық баспаналы болады

Серік Мұхамедиев – СҚО құрылыс басқармасының жетекшісі:

-Ұлттық экономика министрлігі нақты сараптама қызметіне көшу үшін бірнеше іс-шара жоспарлап қойды. Биылғы жылы тұрғын үй нысандарының 50%-ына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 2020-шы жылы ғимараттардың 90%-ы жаңартылмақ.

Айту керек, өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мен «Нұрлы жол» сынды мемлекеттік бағдарламалар да қарқынды түрде іске асуда. Бұл жобаларға республикалық бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық, ал облыстық есептен 1 млрд 20 млн теңге бөлінді.

Серік Мұхамедиев – СҚО құрылыс басқармасының жетекшісі:

-Облысымызда 3 ауысымды білім алуды қысқарту үшін мектептер салынуда. Дәл қазір Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишим селосында 400 орындық мектеп-интернатының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, биыл Тайынша қаласы мен Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында 300 орындық мектеп қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар, брифинг барысында баспана мәселесі де қозғалды. Бүгінде 14 мыңға жуық солтүстікқазақстандық пәтер кезегінде тұр екен. Биыл тізімдегі адамдардың санын қысқарту үшін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ желісімен облысымызда 2 үй қолданысқа беріледі. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша «Береке» ықшам ауданында 4 баспананың құрылысын аяқтау жоспарланған.

Райхан Әбдірахманова – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

-Жыл басынан бері біздің банк 1 жарым мың салымшымен жалпы сомасы 2 млрд 400 млн теңге болатын келісім шартқа отырды. Сонымен қатар, 103 адамға 300 млн теңгеден астам қарыз берілді. Бүгінде біздің филиалымызда 20 мыңға жуық салымшы бар.

Айту керек, жыл соңына дейін өңірде 1061 солтүстікқазақстандық өз баспанасының кілтіне ие болады деп жоспарланып отыр.

 

 

Айгерим Ержанова