МТРА жаңалықтары

Петропавлда 16 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді

Бұл күні жалпықалалық сенбілікке 30 мың адам жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, шараға 30 бірлік техника қатысады.

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Бұл сенбілікті өткізу үшін қалалық әкімдік барлық жоспарды құрды. Шаһардың барлық көшелерін тазалаймыз. Шараға тұрғындардың қатысуын шақырамыз.

Айта кеткен жөн, бұл іс-шара қайырымдылық сенбілігі болмақ. Бұдан түскен ақша облыстық және қалалық ардагерлер кеңестеріне жіберіледі. Қазіргі күні өңірде 205 Ұлы Отан соғысы ардагері және Тың игеруге қатысқан 12-мыңнан аса жерлесіміздің көзі тірі. Аға буын өкілдері де жалпықалалық сенбіліктен қалыс қалмаймыз деп отыр. Өйткені, шаһар көркін келтіру баршамызға міндет дейді олар.

Ескендір Елеусізов – Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Біздің ардагерлер кеңесінің мүшелері Жеңіс саябағын тазалауға қатысады. Қолдан келгенше көмек береміз. Ағаш отырғызуда ойда бар.

Қала тұрғындары сенбілікке міндетті түрде қатысамыз дем отыр.

-Сенбілікке міндетті түрде қатысамыз. Қаланың тазалығын баршамыз сақтауымыз қажет.

-Біз өз үйіміздің маңайын жинаймыз. Тазалық сақтау қажет.

Жалпықалалық сенбілік таңғы 10-да басталмақ.

 

 

Култанов Байболат