МТРА жаңалықтары

Бүгін – қазақстандықтарға тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарға қатысуға бұйрық берілген күн

Мұрат Мұхамеджанов – “Ардагерлер одағы Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушылардың” РҚБ төрағасы:

-Жеке құрама атқыштар батальонының құрылғанына 23 және де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай біз патриоттық салтанатты жиындар өткізудеміз. Бүгінде біз ел бойынша 20-ға жуық филиалымызды құрдық. Олардың негізгі міндетті жастарды Отансүйгіштікке баулу. Өз елінің батырларын білулері тиіс.

Тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында болған кескілескен ұрыс бүгінде бәрінің есінде. 1995 жылы болған қанды оқиғада 17 қазақстандық жауынгер шейіт болып, 30-дан астамы жараланды. Кескілескен ұрысқа қосымша күш тек 5 сағаттан соң жеткен. Қанды қырғыннан аман қалған Серік Ысқақов бүгінде “Ардагерлер одағы Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушылардың” РҚБ СҚОФ төрағалық етеді.

Серік Ысқақов – “Ардагерлер одағы Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушылардың” РҚБ СҚОФ төрағасы:

-Пшихавр шатқалында ұрыс кенеттен басталды. Басында абдырап қалдық. Кейін жианақталып ұрысқа шықтық. Ротада 90-ға жуық адам болған. Әуеден көмек болмады. Сан басымдық жаудың қолында. Дегенменде, жараланған жауынгерлерде қолдарындағы қарудан оқ жаудыруды тоқтатпады. Барлығы ерлікпен күресті.

Сегіз жылға созылған қақтығысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысқан. Бүгінгі жиында тәжік-ауған шекарасында бітімгершілік миссиясына қатысқан 15 солтүстікқазақстандық сарбаз “Жеке құрама атқыштар батальоны” медалімен марапатталды. Қошеметке бөленгендердің қатарында Асқар Жәменовте бар. Ол 1997 жылы әскер қатарына шақыртылды. Жаркент шекаралық жасағында бөлімше командирі міндетін атқарған екен.

Асқар Жәменов:

-Біздің негізгі міндет қарулы күштерді шекарадан асырмау болды. Күнде атыс-шабыс. Қазақстаннан келген батальонды жергілікті маджахедтер ұнатпады.

Жалпы тәжік-ауған шекарасында 40 мыңға жуық қазақстандық жауынгер қаза тапты. Әлі күнге дейін интернационалдық борышын өтеген сарбаздарға соғыс ардагері деген статусы берлімеген.

 

 

Риат Шони